Вернуться к списку статей

«Ордабасы» Оралда «Ақжайықтан» айласын асырды

Футбол
1K
«Ақжайық» – «Ордабасы» – 1:2. Фото: fcordabasy.kz
«Ордабасы» Оралда «Ақжайықты» жеңіп, өкшесін басқан бәсекелестерінен ұзай түсті.

Көш соңындағы «Ақжайық» жүлделі орыннан үмітті «Ордабасы» клубынан ұтылып қалды. Бұл ойында бәрі де бірінші таймда шешілді. Әуелі «Ордабасы» екі гол соқты. Көп ұзамай алаң иелері есепті қысқартты. Ал екінші таймда есеп өзгерген жоқ.

Қонақтардың екі голын да Мардан Төлебек пен Таңат Нөсербаев жұбы соқты. Біріншісінде, Мардан айып соққысын орындап, допты шірене тепті. Қақпашы Д.Төлебаев оны кері қайтарған. Бірақ допқа Таңат бірінші болып жетіп, қақпаға дәл түсірді.

Екінші голды да «Ордабасының» 17-інші және 7-інші нөмірлі ойыншылары соқты. Мардан қуатты соққысымен алыстан қақпағы нысанаға алған. Төлебаев оның тепкен добын тағы да тойтарды. Алайда Таңат қорғаушылардан бұрын қимылдап, теңбіл допты басымен қақпа ішіне бағыттап үлгерді.

Осыдан кейін қонақтар сәл саябырлап қалғандай болды. Тіпті қорғаушылары жоқ жерден қателесіп, доп Константин Дудченконың оңай олжасына айналды. Еңгерзедей шабуылшы сол қанатпен алға ентелеп, көлбеулете тепті. Алмат Бекбаев оны саусақтарының ұшымен тойтарғанымен, Иван Антипов өзгелерден бұрын жетіп, қақпаға енгізді.

Сөйтіп, «Ақжайық» тағы да жеңілістің кермек дәмін татты. ХІ турдан бері жеңіске жетіп көрген жоқ. Екі-ақ рет тең түсті. Қалған сегіз ойында ұтылып, соңғы орыннан бір-ақ шықты. Гол соғудың өзі қиындап барады. Жазғы трансфер кезінде құрамын күшейткен былай тұрсын, кейбір ойыншыларынан айырылып қалды...

«Ақжайық» – «Ордабасы»  1:2 (1:2)

Голдар: Нөсербаев, 27 (0:1). Нөсербаев, 36 (0:1). Антипов, 40 (1:2).

Ескертулер: Одибе, 55. Петрак, 60. Антипов, 61. Нұрғалиев, 68. Ерланов, 77. Каньяс, 87. Говедарица, 88. Дудченко, 90+4. Бекбаев 90+4.

«Ақжайық»: Төлебаев, Ерсәлімов, Николич, Одибе, Шмидт, Сапанов (к), Говедарица, Перцух (Коронель, 66), Антипов (Тапалов, 66), Аренас (Аяғанов, 76), Дудченко.

Қосалқы құрам: Котляр, Удалов, Шабаев, Сапарбекұлы, Зұлпықаров, Болатов

«Ордабасы»: Бекбаев, Симчевич, Смақов, Ерланов, Төлебек (Ковальчук, 85), Диакате, Бочаров, Петрак, Нұрғалиев (к) (Бейсенов, 90+4), Вуяклийа (Каньяс, 56), Нөсербаев.

Қосалқы құрам: Нұрмұхаметов, Ирисметов, Әшірбеков, Мұхтаров, Ли, Йорданов.

Төрешілер: Исқақов (Астана), Тасыбаев (Павлодар), Попов (Өскемен).

22 шілде. Орал. П.Атоян атындағы стадион. 2000 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика