Вернуться к списку статей

«Шахтер» мен «Оқжетпес» – ойын тағдырын бір қателік шешті

Футбол
1K
«Шахтер» – «Оқжетпес» – 1:0. Фото: shahter.kz
«Шахтер» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдап, тартысты өткен ойында бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

Жалғыз гол ойынның басында соғылды. Юлиус Сзоке әуелі «Оқжетпестің» қорғанысын тесіп өтті. Одан соң қақпашыны да, қорғаушыны да алдап өтіп, теңбіл допты қақпа ішін дөп түсірді. Сөз жоқ, қонақтардың қорғаушылары Словакияның жас талантынан көз жазып қалды...

«Оқжетпес» бұдан кейін таразы басын теңестіруге тырысты. Қарқынын үдетіп, шабуылды күшейтті. Әсіресе, екінші таймда ойыншыларын алмастырып, тың күш қосып, алаң иелерін тықсыра түсті. Тізгін тартпай, қауіп төндірумен болды. Бірақ гол соғудың сәті түспеді.

Ал «Шахтердің» қорғанысы өрескел қателік жіберген жоқ. Мұқият ойнады. Екінші таймның аяғына қарай қарсы шабуылдар ұйымдастырып, тағы бір гол соғып кете жаздады. Бірақ қонақтардың қақпашысы ширақ қимылдап, оғн мүмкіндік бермеді.

Сонымен, «Шахтер» биылғы ел чемпионатында Көкше клубын екінші рет ұтып отыр. Бірінші айналымда «Астана-Аренада» өткен “түздегі” ойында 2:0 есебімен басым түскен болатын. Енді, міне, Қарағандыда да үш ұпайға қол жеткізіп отыр.

«Шахтер» – «Оқжетпес» – 1:0

Гол: Сзоке, 13.

Ескертулер: Пикалкин Игорь 45, Стоянович Милан 60, Габышев Михаил 87, Шахметов Марат 90+3.

«Шахтёр»: Шацкий, Габышев, Дмитренко, Хлебоун, Пикалкин (Шахметов, 70), Мангуткин, Сзоке, Стоянович (Наджарян, 82), Зошак, Станоевич (к), Хижниченко (Тәттібаев, 63).

Қосалқы құрам: Багинский, Валента, Васильев, Әлімбаев, Ермеков, Скорых.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Марочкин, Фрейдгеймас, Абдулин, Недашковский (Хорват, 68), Досмағамбетов, Гошкодеря, Федин, Юрин (Гогуа, 46), Козлов (Огунжими, 56), Шафф.

Қосалқы құрам: Әбжанов, Дайыров, Кейлер, Адырбеков, Волков, Бөлешев.

Төрешілер: Чесноков, Попов (екеуі де – Өскемен), Панин (Қостанай).

15 шілде. Қарағанды, «Шахтер» стадионы. 1000 көрермен.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика