Вернуться к списку статей

Маусым айының үздіктері – Бауыржан Исламхан мен Кахабер Цхададзе

Футбол
1K
Маусым айының үздіктері – Бауыржан Исламхан мен Кахабер Цхададзе. Фото: fckairat.com
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы маусым айындағы үздік бапкерлер мен ойыншыларды анықтады.

ҚР Кәсіпқой футбол лигасы қалыптасып келе жатқан әдетінен жаңылмай, өткен айдың үздіктерін анықтады. Әр лигадағы клубтардың, командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіліп (дауыс беру арқылы), маусым айының қорытындысы шығарылған.

Ескерте кетерлігі, бірінші лигада «Үздік ойыншы» номинациясында екі ойыншы бірдей ұпай жинапты. Олар – Олег Хромцов және Лиман Мусса.

2017 жылғы маусым айының үздіктері:

Премьер-лига:

Үздік жаттықтырушы – Кахабер Цхададзе («Қайрат»)
Үздік ойыншы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»)

Бірінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Дмитрий Огай («Жетісу»)
Үздік ойыншы – Олег Хромцов («Жетісу»), Лиман Мусса («Каспий»)

Екінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Сергей Пак («Тараз М)
Үздік ойыншы – Арман Смайылов («Ертіс М»)

pflk.kz

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика