Вернуться к списку статей

ФИФА рейтингісі – Қазақстан құрамасы қайтадан жүздіктен түсіп қалды

Футбол
1K
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz
Шілде айындағы FIFA-ның ұлттық құрамалар арасындағы рейтингісі бейсенбі күні жаңғыртылып, Қазақстан құрамасы 106-орынға орналасты.

Бұл айдағы FIFA рейтингісі Еуропа лигасының бірінші кезеңдегі қарымта матчтары өтетін күні жаңғыртылды. Қазақстан ұлттық құрамасы алты саты төмен сырғып, 308 ұпаймен 106-орынға табан тіреді. Мамыр айында 100-орынға көтерілген болатын...

Алайда 10 маусым күні Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Дания футболшыларын Алматыда қабылдап, 1:3 есебімен ұтылып қалған болатын. Шілде мен тамызда ешқандай ресми ойын өткізбейді. Кім біледі... Үйде отырсақ, жоғары көтерілетін “әдетіміз” бар еді...  

FIFA рейтингі.

1 (3). Германия – 1609 ұпай
2 (1). Бразилия – 1603
3 (2). Аргентина – 1413
4 (8). Португалия – 1332
5 (9). Швейцария – 1329
6 (10). Польша – 1319
7 (4). Чили – 1250
8 (5). Колумбия – 1208
9 (6). Франция – 1199
10 (7). Бельгия – 1198

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

6 (10). Польша – 1319 ↑
42 (46). Румыния – 713 ↑
47 (51). Дания – 683 ↑
54 (52). Црна Гора – 643 ↓
73 (68). Армения – 480 ↓
106 (100). Қазақстан – 308

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

25 (37). Украина – 843
62 (63). Ресей – 590
65 (62). Өзбекстан – 579
71 (83). Беларусь – 503
80 (76). Әзірбайжан – 427
98 (98). Эстония – 337
99 (104). Литва – 333

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика