Вернуться к списку статей

Ұлттық құрама Беларусьпен кездеседі

Футбол
1K
Қазақстан - Беларусь матчын тамашалаймыз
Ақпан айында Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусьпен екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған.

Таяуда ғана бас бапкерін алмастырған футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2018» іріктеу додасына дайындық барысында Беларусь ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Екі ойын да Алматының «Зенит» спорт кешенінде 6-шы және 8-ші ақпан күндері өтеді. Басталуы сағат – 19:00-де.

Бұл жаңа бас бапкер Жозе Алесио да Силваның жетекшілігімен өтетін ұлттық құрамамыздың алғашқы ойындары болмақ. Айта кетейік, бұған дейін екі құрама өзара екі рет кездескен. 2013 жылдың 21 наурызында Минскіде өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталса, 2014 жылдың 3 желтоқсанында ұйымдастырылған Ташкенттегі кездесуде жерлестеріміз 4:3 есебімен жеңіске жетіп, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың ақпан айында Словенияда өтеді.

Қазақстан – Белоруссия текетіресінің тарихы

Беларусь – Қазақстан - 1:1 (21.03.2013)

Беларусь – Қазақстан - 3:4 (03.12.2014)

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика