Вернуться к списку статей

Какау кетті құрамадан – Алесио келді орнына

Футбол
1K
Какау кетті, Алесио келді... Фото: kff.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, бразилиялық маман Какау қызметінен кетіп, оның орнына жерлесі Жозе Алесио Да Силва бекітіліпті.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын 2013 жылдың басынан бері жаттықтырып келген Какау (Рикардо Камара Собрал) енді тек «Қайрат» футзал клубындағы жұмысына ден қоюды жөн көріпті. 45 жастағы маман ұлттық құрамадағы қызметінен ресми түрде кеткен.

Төрт жылдың ішінде Какау Қазақстан құрамасымен ерен жетістіктерге қол жеткізді. Былтыр Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып, бірден қола жүлдеге қол жеткізді. Ал жазда әлем чемпионатына барып, 1/8-финалына дейін жетті (11-орын).

Бір қызығы, Какаудың орны бос тұрмады. Бұл қызметке бірден 48 жастағы Бразилия маманы Жозе Алесио Да Силва бас бапкер болып бекітілді. Ол 2015 жылдың қараша айынан бері ұлттық құрамада Какаудың көмекшісі болып жүрген-ді.

Ал «Қайрат» футзал клубында – сол бұрынғысынша, 2014 жылдың қазан айынан бері Какаудың көмекшісі. Алматы клубынан басқа «Араз» (Нахичевань) командасы мен Әзірбайжан құрамасының бас бапкері болған. Бапкерлік карьерасын Ресейде бастаған.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика