Біз бұған дейін Андорра футболшыларының Венгрия құрамасын (1:0), Беларусь қырандарының Болгария батырларын (2:1) жеңгендерін жазғанбыз. Одан кейін Шотландияның жанкеншті жігіттері азулы Англиямен тең түсті (2:2).
Ал кеше түнде Албания футболшылары түзде Израиль құрамасын 3:0 есебімен тас-талқан қылды. Ал Уэльс ұландары сырт алаңда Сербия саңлақтарымен ұпай бөлісті (1:1). Исландия өз алаңында Хорватияны жеңді (1:0).
Айтпақшы, кеше түнде өткен матчтардың бірінде Қазақстан чемпионатында ойнайтын екі ойыншы алаңға шықты. Атап айтқанда, Молдова және Грузия құрамалары арасындағы кездесуде «Атыраудың» қорғаушысы Уча Лобжанидзе мен шабуылшысы Владимир Двалишвили негізгі құрамда доп тепті.
Бірақ Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Лобжанидзені 35-минута, ал Двалишвилиді 65-минутта ауыстырды. Бір қызығы, алғашқысының орнына енді «Тобылдың» намысын қорғайтын Ника Квеквескири шықты. Ал ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
«D» тобы:
Молдова – Грузия – 2:2
Сербия – Уэльс – 1:1
Ирландия – Австрия – 1:1
«G» тобы:
Израиль – Албания – 0:3
Македония – Испания – 1:2
Италия – Лихтенштейн – 5:0
«I» тобы:
Финляндия – Украина – 1:2
Косово – Түркия – 1:4
Исландия – Хорватия – 1:0