Вернуться к списку статей

Қазақстан ұлттық құрамасы назарына! Андорра да жеңіске жетті

Футбол
2K
Кеше түнде Еуропада 2018 әлем чемпионаты іріктеу турнирінің алтыншы туры басталып, бірнеше кездейсоқ нәтиже тіркелді.

2018 әлем чемпионатының Еуропадағы іріктеу турнирінде тоғыз топ бар екенін білесіздер. Осы тоғыз топтың әрі туры үш күнге бөлініп өткізіледі. Алтыншы турдың ойындары біздің уақытпен жұмадан сенбіге ауған түні бастады.

Кеше түнде өткен тоғыз ойынның біреуінде Қазақстан чемпионатында ойнайтын бір футболшы алаңға шықты. Атап айтқанда, «Астана футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Маевский негізгі құрамда алаңға шығып, 89-минутта ауыстырылды. Ал Беларусь футболшылары әлем чемпионаты жолдамасынан үмітті Болгария құрамасын ұтып, қарқындарын тежеді...

«A» тобы:

Беларусь – Болгария – 2:1

Швеция – Франция – 2:1

Нидерланды – Люксембург – 5:0

«B» тобы:

Андорра – Венгрия – 1:0

Латвия – Португалия – 0:3

Фарер аралдары – Швейцария – 0:2

«H» тобы:

Босния және Герцеговина – Грекия – 0:0

Эстония – Бельгия – 0:2

Гибралтар – Кипр – 1:2

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика