Вернуться к списку статей

Өз елдерінің ұлттық құрамаларына шақыртылған легионерлер

Футбол
2K
Қазақ додасының көрігін қыздырып жүрген өзге елдің футболшылары... Фото: fca.kz
Футболдан Қазақстан чемпионатында ойнайтын бірнеше футболшы өз елдерінің ұлттық құрамалары сапына шақыртылды.

5-13 маусым аралығы – ФИФА-ның ресми ойындар өткізетін күндері. Осы тоғыз күннің ішінде жолдастық кездесулер және 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы әр құрлықтың ресми ойындары өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапына премьер-лига клубтары сапындағы 24 ойыншымыз шақыртылған. Олар қазір – Талғарда. 10 маусым күні Дания футболшыларымен өтетін, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчқа дайындалып жатыр.

Сондай-ақ 24 футболшымыз еліміздің жастар арасындағы құрамасы сапына шақыртылып, Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олардың арасында бірінші лигада ойнайтын жігіттер де бар. Владимир Никитенко жаттықтыратын осы жастарымыз ертең ұлттық құрама сапындағы ағаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Сонымен қатар, қазақ додасында ойнайтын легионерлердің біразы өз елдерінің ұлттық құрамалары сапына шақыртылды. Олар:


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика