Вернуться к списку статей

Қазақстан – Дания кездесуіне Ресей төрешілері қазылық етеді

Футбол
2K
Дания – Қазақстан кездесуінен көрініс. Фото: dbu.dk
УЕФА-ның ресми сайтында 10 маусым күні Алматыда өтетін Қазақстан – Дания матчына қазылық ететін төрешілер тобын жарияланды.

2018 әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында, 10 маусым күні Алматыда өтетін Қазақстан – Дания матчына Ресей төрешілері қазылық етеді. Бас төреші Владислав Безбородов болса, Максим Гаврилин мен Валерий Данченко оған қос қапталдан көмектеседі. Төртінші төреші – Кирилл Левников.

Соңғысының тегі таныс, иә? Қателескен жоқсыздар, Кирилл – Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер департаментін басқаратын (директоры), ресейлік маман Николай Левниковтің ұлы. Жасы – 33-те. 2016 жылдан бері ФИФА төрешісі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақыртылған футболшылары кеше Талғардағы базаға жиналып, оқу-жаттығу жұмыстарын бастап кетті. 7 маусым күні еліміздің жастар арасындағы құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Дания құрамасы да дайындықтарын бастап кеткен. Олар ертең Германия футболшыларымен жолдастық кездесу өткізіп, әзірліктерін пысықтайды. Осы ретте айта кетейік, Қазақстан футболшылары мен Оге Харейденің шәкірттері арасындағы ойын 10 маусым күні сағат 22:00-де басталады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика