Вернуться к списку статей

“Шахтер” басшыларын да, бас бапкерін де қызметінен босатты

Футбол
1K
«Шахтер» клубының бас бапкері Алексей Еременко қызметінен босатылды. Фото: shahter.kz
Бүгін Қарағандының «Шахтер» клубы ауыс-түйіс жүзеге асып, директоры, спорттық директоры және бас бапкері қызметтерінен кетті.

«Шахтер» футбол клубының бас бапкері Алексей Еременко, Атқарушы директоры Асқар Әбілдаев және спорттық директоры Игорь Солошенко қызметтерінен кеткен. Себеп – команданың премьер-лига кестесіндегі қанағаттанарлықсыз жағдайы.

Аталған команданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, «Шахтер» футбол клубы» АҚ және бас бапкер Алексей Еременко еңбек қатынасын тоқтату жөнінде өзара келісімге келген. Ал клубтың Атқарушы директоры Асқар Әбілдаев пен спорттық директоры Игорь Солошенко өз еріктерімен қызметтерінен кеткен.

Өздеріңіз білесіздер, «Шахтер» қазір – көш соңында. 13 ойыннан тоғыз ұпай ғана иемденіп, 12-орында тұр. Екі рет қана жеңіске жетіп, сегіз рет ұтылды. Қалған үш ойын тең аяқталған. Доп айырмасы: 23-23.

Отандық басылымдар енді «Шахтер» футбол клубының “Атқарушы директоры Олжас Абраев, ал спорттық директоры Мұрат Тілешев болады” деп ақпарат таратып жатыр. Ал біз «әліптің артын тосып», ресми ақпараттарды тосайық.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика