Виктор Пасулько Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Украина маманы 2010 жылы «Атырау», ал 2011-2014 жылдары «Оқжетпес» клубында бас бапкер болған. Оңтүстік Қазақстан клубымен Қазақстан кубогын (2011 жылы) және суперкубогын (2012 жылы) жеңіп алған.
Өздеріңіз білесіздер, «Оқжетпестің» жақында ғана тағайындалған, Көкшетауға қайта оралған жаңа директоры да, яғни Юрий Бондаренко да «Ордабасы» клубында екі жыл қызмет еткен...
Заң жүзіндегі мәселелердің бәрі жүзеге асқан соң клуб басшысы жаңа бапкерді команда мүшелерімен ресми түрде таныстырған. Ал Украина маманы бірден жұмысқа кірісіп, бірінші жаттығу жұмысын жүргізіпті.
Ал «Оқжетпестен» кетіп қалған Владимир Муханов осыдан екі күн бұрын «Ақтөбе» футбол клубына ресми түрде бас бапкер болып бекітілді. Оның ресми түрдегі таныстырылымына облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қатысып, өз клубтарына қайта оралған маманға үлкен сенім артатындығын білдірген.
Сөйтіп, Қазақстан премьер-лигасында екі клуб бас бапкерін ауыстырып, бір жаттықтырушы клуб ауыстытып, екіншісі еліне кетті. Бір қызығы, Украинаның бір маманын екіншісі алмастырды. Игорь Рахаев «Ақтөбе» клубынан кетуге мәжбүр болып, Виктор Пасулько «Оқжетпестің» тізгінін қолына алды.