Вернуться к списку статей

“Астана” жанкүйерлері – Еуропа лигасы финалында!

Футбол
1K
“Астананың” екі жанкүйері – Еуропа лигасының финалында! Фото: fca.kz
«Астана» клубының екі жанкүйері – Қайрат Төлеген және Нұрбек Мәдиев «Манчестер Юнайтед» пен «Аякс» арасындағы Европа лигасының финалына барды.

«Бұл естен кетпес керемет футбол мерекесі болды! Біз Нұрбек екеуіміз алғаш рет шет мемлекетке шығып, бірінші сапарымызда Европа додасының финалдық кездесуіне тап болдық. Біз стадионға өзіміздің сүйікті командамыз «Астананың» жейдесінде барып, елордалық команданың туын желбіреттік. Ойын кезінде жергілікті «АИК» командасының бір топ жанкүйерлері келіп, бізге таңданыстарын білдіріп, «Астана» 2014 жылы Европа Лигасы аясында өз командаларын ойсырата жеңгенін ұмытпағандықтарын айтты» – дейді Қайрат.

 «Біз бұл ойыннан бөлек, Оңтүстік Швецияның біршама бөлігін аралап, Стокгольм қаласын тамашалауға керемет мүмкіндік алдық. Осындай мүмкіндік, футбол мерекесін сыйлаған «Астана» футбол клубына ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұйырса жексенбіге дейін елге жетіп, «Астана Арена» стадионында өтетін Қарағандының «Шахтерімен» өтетін кездесуде сүйікті командамызға қолдау білдіретін боламыз. Осы орайда жанкүйерлерге барлық жағдай жасап, осындай мүмкіндік сыйлаған «Астана» футбол клубының басшылығына рахмет айтамын. Еліміздің үздік клубымен әлемнің кез келген бөлігінде мақтана алатыныма көзім жетті» – дейді Нұрбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат және Нұрбек «Астана» футбол клубы жанкүйерлер арасында ұйымдастырған Европа лигасының Стокгольм қаласында өтетін финалдық кездесуіне екі жолдаманы жеңіп алған болатын. Елорда клубы жеңімпаздардың барлық шығындарын (Астана – Стокгольм – Астана бағытындағы ұшақ билеті, қонақ үйге орналастыру, трансфер, сақтандыру, визалық қолдау) өтеп берді.

fca.kz

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика