Вернуться к списку статей

Дания құрамасы Қазақстанға келетін футболшыларының тізімін жариялады

Футбол
1K
Копенгагенде Дания құрамасы басымдық танытқан. Алматыда қалай болар екен...Фото: dbu.dk
Дания құрамасы да 10 маусым күні Алматыда өтетін кездесуге дайындалатын футболшыларының тізімін жариялады.

Дания футбол одағының ресми сайты 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында, 10 маусым күні Алматыда өтетін кезекті кездесуіне дайындалатын футболшыларының тізімін жариялады.

Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде де 23 футболшы шақырыпты. Олардың екеуі, атап айтқанда, Лукас Лерагер мен Фредерик Соренсен ұлттық құрамалары сапына алғаш рет шақыртылып отырған көрінеді.

қақпашылар – Фредерик Рённов («Брондбю»), Каспер Шмейхель («Лестер», Англия), Йеспер Хансен («Люнгбю»);

қорғаушылар – Андреас Бьелланн («Брентфорд», Англия), Андреас Кристенсен, Янник Вестергор (екеуі де – «Боруссия» Менхенгладбах), Риза Дурмиси («Бетис», Испания), Фредерик Соренсен («Кёльн», Германия), Симон Кьер («Фенербахче», Түркия), Хенрик Дальсгор («Зюлте-Варегем», Бельгия), Матиас Йоргенсен («Копенгаген»);

жартылай қорғаушылар – Кристиан Эриксен («Тоттенхэм», Англия), Лассе Вибе («Брентфорд», Англия), Томас Дилейни («Вердер», Германия), Пионе Систо («Сельта», Испания), Лассе Шёне («Аякс», Нидерланды), Йенс Ларсен («Аустрия», Австрия), Лукас Лерагер («Зюлте-Варегем», Бельгия), Уильям Квист («Копенгаген»);

шабуылшылар – Каспер Дольберг («Аякс», Нидерланды), Мартин Брейтвейт («Тулуза», Франция), Николай Йоргенсен («Фейенорд», Нидерланды), Юссуф Поульсен («РБ Лейпциг», Германия).

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының сапы осыдан екі күнге жуық уақыт бұрын жариияланған. Бұл – аталған екі құраманың екінші кездесулері. Қоңыр күзде, 11 қараша күні Копенгагенде өткен бірінші матчта Дания құрамасы 4:1 есебімен басым түскен болатын. Есе қайтара аламыз ба?..

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика