Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» екі ойыншымен келісімшартқа отырғандығын ғана ресми түрде жариялады. Екеуі де – Грузия құрамасының ойыншылары. Біреуі – қорғаушы, екіншісі – шабуылшы.
Уча Лобжанидзе – орталық/қапталдағы қорғаушы
Азаматтығы: Грузия
Туған күні: 23.02.1987 ж.
Бойы және салмағы: 184 см, 78 келі
Бұған дейін ойнаған клубтары: "Динамо" Тбилиси, "Зестафони" (екеуі де – Грузия), "Днепр", "Кривбасс" (екеуі де – Украина), "Омония" (Кипр).
Грузия құрамасы сапында – 47 ойын.
Владимир Двалишвили – шабуылшы
Азаматтығы: Грузия
Туған күні: 20.04.1986 ж
Бойы және салмағы: 182 см, 76 кг
Бұған дейін ойнаған клубтары: "Динамо" Тбилиси (Грузия), "Олимпи" (Грузия), "Сконто" (Латвия), "Маккаби" Хайфа (Израиль), "Полония" (Польша), "Легия" (Польша), "Оденсе" (Дания), "Погонь" (Польша).
Грузия чемпионы: "Динамо" Тбилиси 2004/05 жылдар маусымы
Израиль чемпионы: "Маккаби" (2010/11)
Польшаның екі дүркін чемпионы: "Легия" (2012/13 және 2013/14)
Польша кубогының иегері: "Легия" (2012/13)
Грузия құрамасы сапында – 32 ойын, 5 гол.
Бейресми деректерге сенсек, «Атырау» бүгін құрамын өзіміздің жас талант Мирас Түлиевпен де толықтырыпты. Бірақ бұл әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Түлиев өткен маусымда «Оқжетпестің» намысын қорғаған. Ақтау футболының түлегі. «Оле Бразил» академиясынан дәріс алып қайтқан.
Жалпы, биылғы маусым аралығында «Атырау» бас бапкерін ауыстырды. «Қайсар» футбол клубының тізгінін қолына алып, Қызылордаға ойысқан Болгария маманы Стойчо Младеновтің орнына хорват Зоран Вулич тағайындалды.
Сондай-ақ команда сапына Виталий Ли («Қайрат») және Әлішер Сүлей («Тараз») сынды футболшылар келген. Қазір бірнеше футболшы сынақтан өтіп жүр. Ал Валентин Чуреев, Владимир Аржанов және Берік Айтбаев сынды тәжірибелі ойыншылары кетіп қалған. Алғашқы екеуі «Қайсардың», соңғысы «Ақтөбенің» жейдесін киетін сияқты.