Вернуться к списку статей

Қазақстан-U17 құрамасы Сербияда оңбай ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 – Сербия-U17 – 0:4. Фото: fss.rs
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербияда өткен Милян Миляничті еске түсіруге арналған халықаралық турнирде соңғы орынға табан тіреді.

Милян Милянич турниріне үш құрама ғана қатысты. Қытай жасөспірімдері келе алмапты. Сөйтіп, күніне бір ойыннан ғана өткізуге тура келген. Әуелі Қазақстан және Финляндия бозбалалары кездесіп, бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ертеңінде Сербия мен Финляндия таланттары арасындағы кездесу де тең аяқталды – 1:1. Ал кеше түнде Испания маманы Карлош Ферер жаттықтыратын Қазақстан-U17 құрамасы алаң иелерінен 0:4 есебімен ойсырай ұтылып қалды.

Сербия футбол одағының ресми сайтындағы деректерге сенсек, алаң иелерінің құрамында «Црвена звезда» клубының жас таланттары болмаған. Әйтсе де, олар әр таймда екі голдан соғып, басымдық танытты. Әрі олар жеті ойыншысын алмастырды. Ал біздің құрама...

Қазақстан-U17: Кляхин, Дүйсембаев, Жақсылықов, Нұрсейіт, Жүсіпов, Үсенов, Мұхамед, Басманов (Нұртаев, 48), Неумывакин, Джарлаев, Закария.


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика