Вернуться к списку статей

“Қайсар” “Шахтерді” жеңді – Облыс әкіміне сыйлық

Футбол
1K
«Қайсар» – «Шахтёр» – 2:1. Фото: fckaysar.kz
«Қайсар» ХІІІ турда «Шахтерден» өз алаңында ұтылып жатып, жеңісті жұлып алып, жігерлік таныта білді.

«Шахтер» түзде ойнаса да, бірден шабуылға шығып, бұл кездесуді өте белсенді бастады. Тіпті бірінші тайм бел ортасынан ауа есеп ашып, алға шықты. Стоянович алыстан шірене теуіп, алаң иелерінің қорғаушыларын да, қақпашысын да қапы қалдырды.  

Екінші таймда «Қайсар» қамшыны басты. Шабуылды үдетіп, қонақтарын тықсыра түсті. Қайсарлық танытты. Әрі екінші таймда алаңға шығарған ойыншылары бас бапкерінің сенімін ақтап, екі гол соқты.

Әуелі Елжас Алтынбеков «Шахтердің» екі орталық қорғаушысының ортасынан өтіп кетіп, қақпашымен бетпе-бет шықты да, таразы басын теңестірді. Ал ойының аяғына қарай Валерий Коробкин қақпашы қағып ала алмаған допты тор ішінде тулатты.

Матч аяқталған соң «Қайсардың» бас бапкері, Болгария маманы Стойчо Младенов «бұл жеңісімізді әкімге арнаймыз, бүгін оның – туған күні» деді. Иә, 20 мамыр – Қызылорда облысы әкімінің туған күні. Қырымбек Көшербаев 62-ге толды.

«Қайсар» – «Шахтёр» – 2:1 (0:1)

Голдар: Станоевич, 24 (0:1). Алтынбеков, 53 (1:1). Коробкин, 83 (2:1).

Ескертулер: Камара, 26. Аржанов, 60. Горячий, 68. Нарзілдаев, 74. Багинский, 83.

«Қайсар»: Исламқұлов, Горячий, Ламанж, Граф, Мулдаров (Сақалбаев, 53), Нарзілдаев, Камара, Көкеев (Алтынбеков, 46), Байжанов (к) (Коробкин, 81), Курьор, Аржанов.

Қосалқы құрам: Григоренко, Цирин, Төлегенұлы, Рустемов, Жақаев, Николич.

«Шахтёр»: Багинский, Әлімбаев (Габышев, 70), Айегбуси, Скорых (к), Станоевич, Кадио, Зошак, Шахметов, Хайруллин (Мангуткин, 75), Стоянович, Тәжімбетов (Тәттібаев, 72).

Қосалқы құрам: Шацкий, Өміртаев, Аллегриа.

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Филипчук (Шымкент), Попов (Астана).

20 мамыр. Қызылорда, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион (қосалқы алаңы). 2000 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика