Вернуться к списку статей

"Ақтөбенің" бас бапкері сенімді ақтай алмады

Футбол
2K
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері – Игорь Рахаев... Фото: fc-aktobe.kz
«Ақтөбе» футбол клубы басшыларының Украина маманы Игорь Рахаевқа деген сенімдері шегіне жеткен сияқты.

Бүгін отандық басылымдары «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Игорь Рахаевтың қызметінен бостылғандығы жайлы ақпарат таратты. Бірақ аталған клуб бұл ақпаратты әлі ресми түрде жариялаған жоқ.

Десек те, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, «Ақтөбе» клубының бас бапкерін ауыстыратын жөні бар. Себебі, еліміздің бес дүркін чемпионы дәл қазір – көш соңында. Биылғы маусымда ойыны биыл үйлеспей қойды.

«Ақтөбе» Қазақстан премьер-лигасының бірінші айналымында тоғыз ойын өткізіп (екі кездесуі кейінге шегеріліп), алты ұпаймен 11-орында тұр. Бір-ақ рет жеңіске жетіп, бес рет ұтылды. Үш рет тең түсті. Осы матчтарда сегіз ғана гол соғып, өз қақпасына 13 доп жіберіп алды.

Жалпы, биылғы маусым басталғалы, Қазақстан премьер-лигасында бір команда бас бапкерін ауыстырып үлгерді. Атап айтқанда, «Атырау» хорват Зоран Вуличтің орнына ресейлік Сергей Павловты тағайындады. Енді «Қайраттың» да бас бапкері ауысып жатса, таң қалмаймыз...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика