Вернуться к списку статей

Бірінші лига – "Жетісу" енді жеткізбес

Футбол
1K
Бірінші лига.
Бірінші лигада «Жетісу» енді ешкімді жеткізбейтін шығар. Үзеңгі қағыстырып келе жатқан бәсекелесі «Байқоңыр» күтпеген жерден өз алаңында ұтылып қалып, талдықорғандықтар 10 ұпаймен жеке-дара көш бастады.

«Жетісуда» бәсекелес қалмаған сияқты. Бірінші лиганың 4-ші туры аясында Петропавлға қонаққа барған Дмитрий Огай шәкірттері алаң иелерін 2:0 есебімен тізерлетті. Үзіліске дейін гол соғылмағанымен екінші тайм бастала салысымен бас төреші Иван Филатов бірден «Қызыл-Жар» қорғаушысы Михаил Әубәкіровке екінші ескерту қағазын көрсетіп, қонақтарға қол ұшын созды. Содан кейін «Жетісуға» да гол соғу жеңілдеп, алдымен Артем Касьянов есеп ашса, көп ұзамай Сабырхан Ыбыраев есепті еселеді.

Өмір деген алма-кезек, иә?.. Былтыр клуб басшысының ҚФФ президентімен қарым-қатынасы керемет болғандықтан ба, былтыр «Қызыл-Жарға» қарсы ысқыруға көп төрешілердің жүректері дауалай бермейтін еді, биыл өздері өткізген үш ойынның ішінде қақпаларына бір пенальти белгіленіп, бір ойыншысы алаңнан қуылып үлгерді.

«Жетісуға» әлсіз болса да, Қызылорданың «Байқоңыры» бәсекелестік танытып жатқан сияқты еді, алайда Ерлан Шойтымов баптайтын Сыр командасы бүгін күтпеген жерден өз алаңында «Қайраттың» академиясынан ұтылып қалды.

– Ешқандай да менсінбеушілік болған жоқ. Тек ауа-райының қолайсыздығы кесірін тигізген сияқты. Алматылықтарға жел көмектесті, - деді ойын соңында Ерлан Шойтымов. Қалай болған күнде де Арман Нүсіптің 32-ші минутта соққан голы ойын тағдырын шешіп, «Байқоңыр» биылғы маусымда бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Голдан жаңбыр жауған Теміртаудағы текетіресте көрермендер бас-аяғы сегіз голды тамашалады. Оның үшеуі алаң иелерінің қақпасына соғылса, бесеуін өз иелігінен «Екібастұз» қақпашылары алып шығуға мәжбүр болды. Иә-иә, қақпашылары. Руслан Нарымбаев үш гол жіберіп алғаннан кейін «Екібастұздың» бас бапкері Андрей Кучерявых қақпашыларын алмастыруды жөн көріп, 50-ші минутта Илья Сотникті алаңға шығарған. Бірақ ол да қақпасынан қауіптерден құтқара алмады. Қорытынды есеп – 5:3, «Шахтер-Болат» биылғы маусымдағы бірінші жеңісіне қол жеткізсе, «Екібастұз» турнир кестесінің тұңғиығына батып барады.

Ал Жетісайда өткен «Мақтаарал» мен «Каспий» арасындағы ойын тең аяқталды. Бірінші тайм голсыз аяқталып, үзілістен кейін теңіз жағалауынан келген футболшылар Драмане Коне соққан голдың арқасында есепте алға шыққан. Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда алаң иелерін жеңілістен Болат Аулабаев құтқарып қалды. Қорытынды есеп – 1:1, ақтаулықтар осы маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.


БІРІНШІ ЛИГА, 4-тур

«Қызыл-Жар» – «Жетісу» (Талдықорған) 0:2

Голдар: Касьянов, 69. Ыбыраев, 77.

Ескертулер: Әубәкіров 40, Мальцев 57, Алиев 82, Гунченко 85 – Сағындыков 37.

Ойынның 48-ші минутында Әубәкіров (Қ) алаңнан қуылды.

«Қызыл-Жар: Зәкіров, Сұлтанов, Әубәкіров, Кулибали, Ступич, Алиев (к), Гунченко, Жанұзақов, Мальцев (Мульдинов 71), Шевченко (Айтов 76), Седельников (Бажич 78)

Резерв: Багаутдинов, Кисметов, Хаиров, Павинич, Серғалиев, Соколенко.

«Жетісу»: Шабанов, Бургию, Касьянов, Әбденәби (Орынбасар 90+4), Таңжарықов (Досқалиев 90), Нұрмұхамет (Әділ 84), Сағындықов (к), Керімжанов, Ыбыраев (Әділханов 88), Данилюк, Хромцов

Резерв: Колбунцов, Балтабеков, Покатилов, Вяткин, Шакин

Төрешілер: Филатов, Рылов (екеуі де – Сараң), Ерошенко (Сәтпаев).

Петропавл. «Қарасай» стадионы, 3 500 көрермен


«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Қайрат-А» (Алматы) 0:1

Гол: Нүсіп, 32.

Ескертулер: Қасым 23, Парагульгов 45, Нүсіп 52

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Аяжан (Сейітханов 80), Махан (Абзалов 65), Сарбай, Балымбетов (Горячий 37), Кемалұлы, Қарабек (к), Төлегенов, Төлегенұлы (Дүйсембаев 85), Алтынбеков, Жахаев.

Резерв: Тілеуов, Серік, Тәңірбергенов, Рахметов, Дүйсенбаев

«Қайрат-А»: Караваев, Қасым, Гладченко (Бакиев 90+3), Люхай, Солтан, Қыбырай, Парагульгов (Оразов 67), Жағыппар, Нүсіп (Сәрсенов 70), Мұсаев (к), Хабаев (Шушеначев 77)

Резерв: Нұрәділ, Кривенцев, Айтөре, Нұрдалиев

Төрешілер: Лесив (Семей), Мортин (Ақтөбе), Төлегенов (Шымкент)

Қызылорда қаласы. Ғ.Мұратбаев стадионы (қосалқы алаң). 500 көрермен   


«Шахтер-Болат» (Қарағанды) – «Екібастұз» 5:3 (2:1)

Голдар: Еркен, 2 (0:1). Тарасов, 6 (1:1). Бернацкий, 22 (2:1). Бегалин, 47 (2:2). Бернацкий, 50-пен., (3:2). Щербаков, 62 (4:2). Жолшорин, 71 (5:2). Бегалин, 83 (5:3).

Ескертулер: Тарасов 68, Жолшорин 90+1 – Еркен 68, Аллаяров 69

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Наркескен, Әбенов, Оспанов (Сосновский 66), Ветров, Тарасов, Бернацкий (к), Жолшорин, Ахмеев, Щербаков (Бурдейный 77), Жүсіпов (Базарнов 82)

Резерв: Матаев, Буртовой, Гасанов, Шәкен, Лунев, Наурызбаев

«Екібастұз»: Нарымбаев (Сотник 54), Панасенко (Зейноллин 55), Оразалиев (Әбдібеков 67), Еркен, Айменов, Аллаяров (Саденко 75), Бралин (к), Бегалин, Джамаришвили, Назаров, Сүлейменов

Резерв: Арынов, Берсугуров, Голофаст, Омаров, Червов

Төрешілер: Горда (Көкшетау), Мерғазы (Астана), Сысоев (Көкшетау)

Теміртау қаласы. «Металлург» стадионы. 300 көрермен


«Мақтаарал» (Жетісай) – «Каспий» (Ақтау) 1:1 (0:0)

Голдар: Коне 65 (0:1), Аулабаев 80 (1:1)

Ескертулер: Оралбай 45, Саурамбаев 69 – Узденов 34, Мусса 51, Нәбиханов 75

Ойынның 78-ші минутында Пурышкин алаңнан қуылды.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Лебединский, Задорожный (к), Зверев, Кәрімов (Нәбиев 80), Махамбетов (Ілиясов 70), Шубаев (Алекперзаде 56), Саурамбаев, Ілімов (Аулабаев 53), Қамбил, Оралбай

Резерв: Сивожелезов, Құлымбетов, Орынбеков, Хамзин, Мұқанов

«Каспий»: Мұқанов, Нәбиханов, Қабылан (Ешенқұл 46, Оразаев 90+3), Чалкин, Коне (к), Мусса, Пурышкин, Қадырбаев, Жанысбаев, Рымтаев, Узденов

Резерв: Аязбаев, Тайкенов, Қуанышев, Алқамбеков

Төрешілер: Байымбет (Тараз), Әбдікеров (Қызылорда), Шевелев (Семей)

Жетісай. Қ.Мұңайтпасов стадионы. 1 500 көрермен.  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика