Вернуться к списку статей

Екпіні ерте басылған “Ертіс” пен үш ұпай олжалаған “Ордабасы”

Футбол
1K
«Ертіс» – «Ордабасы» – 0:1. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» өз алаңында басты бәсекелесінің бірі «Ордабасы» клубынан ұтылып қалып, үздік үштіктен тыс қалды.

Сегізінші турда сүрініп, өз алаңында «Тобылдан» ұтылып қалған «Ордабасы» соңғы екі турда түзде жеңіске жетті. «Шахтерден» басым түсіп қана қоймай, бұл жолы «Ертісті» “етпетінен” түсіріп, жанкүйерлерін қуантты. Бірінші айналымды үздік үштікте тәмамдайтын мүмкіндігі бар.

Ал «Ертіс» жеңіске жетпегелі төрт тур болды. Әрі өзінің басты бәсекелестерін жеңе алмай, салы суға кетіп жүр. Соңғы екі турда гол соғуды да “қойды”. Өткен турда «Тобылдың» да, бұл жолы «Ордабасының» да қорғанысын бұза алмады.

Павлодардағы матчта екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ екеуі де мүлт кетіп, таблодағы нөлдер ойын аяғына дейін өзгермеді. Матч соңына қарай «Ордабасы» айып соққысын орындау мүмкіндігіне ие болып, орталық қорғаушы Фонтанелло теңбіл допты қақпаға дөп түсірді.

«Ертіс» – «Ордабасы» – 0:1 (0:0)

Гол: Фонтанелло, 75

Ескертулер: Живкович, 18. Фонсека, 45. Воротников, 74. Шабалин, 89 – Гогуа, 28. Ерланов, 75.

«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Двали, Воротников, Кислицын, Родриго, Дарабаев, Калинин (Шабалин, 85), Джедже (Жұмасқалиев, 85), Фонсека, Фофана (Нганбе, 84).

Қосалқы құрам: Калмыков, Попов, Смайылов, Чернышов, Алиев, Есімов

«Ордабасы»: Нұрмұхаметов, Төлебек, Фонтанелло, Ерланов, Смаков, Диакате, Ковальчук, Гогуа (Тұңғышбаев, 62), Бочаров, Нөсербаев (Йорданов, 90+1), Нұрғалиев (к) (Бейсенов, 87).

Қосалқы құрам: Бекбаев, Гейнрих, Марцваладзе, Абдулин, Әшірбеков, Жұмаханов

Төрешілер: Абданбаев, Филоненко (екеуі де – Тараз), Айжігітов (Қызылорда)

02 мамаыр. Павлодар. «Орталық» стадион. 4 500 көрермен


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика