Вернуться к списку статей

УЕФА кубогы – “Қайрат” финалға шыға алмады

Футбол
2K
«Интер-Мовистар» (Мадрид, Испания) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 3:2. Фото: intermovistar.com
Бүгін Алматыда футзалдан УЕФА кубогы финалының жартылай финалдық ойындары өтіп, «Спортинг» мен «Интер-Мовистар» финалға шықты.

Алатау бөктеріндегі «Алматы-Арена» стадионында 2016- 2017 жылдар маусымындағы УЕФА кубогының шешуші ойындары, яғни «Төртеу финалы» додасы басталды. Бірінші жартылай финалдық жұпта Португалияның «Спортинг» клубы мен Ресейдің «Газпром-Югра» командасы кездесті.

Бұл ойында «Спортинг» 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Юграның» қақпашысы Звиад Купатадзе лиссабондықтардың бірнеше қауіпті соққыларды тойтарды. Әйтпесе, бұл ойынның ірі есеппен аяқталуы да мүмкін еді...

Екінші жартылай финалдық матчта Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен Испанияның «Интер-Мовистар» командасы кездесті. Бірінші таймда «Қайрат» басымдау болды. Еркін ойнады. Көп шабуылдады. Екі гол соқты.

Ал қонақтар сапынан Рикардинью ерекше көзге түсті. Жалғыз өзі алматылықтардың қорғанысын бұзып өтіп, қақпа торын тесе де жаздады...

Екінші таймда қонақтар ширақ қимылдады. Жиі шабуылдап, «Қайратты» тықсыра түсті. Есепті тағы да Рикардинью теңестірді. Бұл жолы – пенальтиден. Игитадан айласын асырды.

Матч соңында тағы да Рикардинью тектен-тек «футзал төресі» атанып жүрмегендігін паш етті. Бұрыштама соққысын орындап, допты Ортистің аяғына салып берді. «Интер» капитаны бір ғана қимылымен қақпаны дәл көздеді. Қақпа бағанынан кері ұшқан доп ышқына секірген Игитаның басына тиіп... Қысқасы, гол... Есеп – 2:3.

УЕФА кубогы, «Төртеу финалы». 2016-2017 жж, «Алматы-Арена»

«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) – «Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) – 2:1

«Интер-Мовистар» (Мадрид, Испания) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 3:2

Голдар: Кабреува, 5 (0:1). Рикардинью, 13 (1:1). Игор, 16 (1:2). Рикардинью, 23-пенальтиден. Ортис, 39 (3:2).

Ескерту: Дуглас Нуньес, 23.

«Интер»: Хесус Эрреро, Умберто, Ширайши, Пола, Рикардинью – Гонсалес, Ортис, Лоло, Гадейя, Марио Ривильос, Борха, Дарлан, Рафаэль, Пасос.

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре Мораес, Дуглас, Диваней – Диего Ронкальо, Сүлейменов, Есенаманов, Жаманқұлов, Кабреува, Дуглас Нуньес, Эвертон, Дрот, Тайеби.

Төрешілер: Богдан Сореску (Румыния), Алессандро Мальфер (Италия), Габор Ковач (Венгрия)

28 сәуір. Алматы. «Алматы-Арена» 10 238 көрермен

Енді шешуші ойындар 30 сәуір күні өтеді:

17:00. Үшінші орын үшін: «Қайрат» – «Газпром-Югра»

19:30. Финал: «Интер-Мовистар» – «Спортинг»

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика