Вернуться к списку статей

Футзалдан Қазақстан құрамасының сұрмергендері

Футбол
1K
Қазақстан құрамасы сапында ең көп гол соққан сұрмерген – Дуглас. Фото: uefa.com
Жақында Қазақстан футзал қауымдастығының ресми сайты сұрмергендер тізімін жаңғыртты.

Бұл тізімге біздің елдің намысын қорғаған футзалшылардың 2003 – 2017 жылдар арасында Қазақстан құрамасы сапында соққан голдары енгізіліпті. Тізімде барлығы 38 футзалшы бар екен.

Бір голдан соққан он ойыншы да тіркелген. Екі голды қарсыластарымыздың өздері соғып берген екен. Яғни Қытай және Франция футзалшыларының еншісінде – екі автогол.

Біз осы тізімдегі 21 футзалшынының соққан голдарын беріп отырмыз. Себебі 21-орында – қақпашы Игита. Сондықтан, үздік ондықпен немесе алғашқы 20 ойыншымен шектеле алмадық...


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика