Вернуться к списку статей

Жолшиев жасыл алаң емес... жол ережесін бұзып, жазаға тартылды

Футбол
2K
Бауыржпан Жолшиев. Фото Instagram әлеуметтік желісінен алынды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы жол ережесін екі мәрте бұзып, жауапқа тартылған.

Кешеден бері отандық басылымдар Бауыржан Жолшиевтің аты-жөнін көлденең тартып, даурығып жатыр. “Қиқар бала” мас күйінде жол ережесін бұзып, оған қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза қолданылыпты.

«Время» газеті бастап, басқа да спорттық басылымдар іліп әкетіп һәм қостап, жүргізушілік куәлігі жоқ болса да, сүйікті темір тұлпарына мініп алып, тас жолда жүйткіген Бауыржанның ақылға қонбайтын әрекетін жарыса жазып жатыр...

Бірінші рет Алматы полицейлері оны 2006 жылы 14 қыркүйекте, түні ішінде Достық даңғылы бойында тоқтатқан. Медициналық тексерістен соң бұрынғы футболшының қызыл «Мерседеске» “ұрттап” алып, отырғаны дәлелденген. Әкімшіліктік сот шешімімен жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылған...

Жақында, яғни 3 сәуір күні, таңғы сағат 4-те Әл-Фараби даңғылы бойында тағы ұсталған. Медициналық тексеріс бұл жолы да оның ішіп алғандығын дәлелдеген. Әрі жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізген.

Бұл жолы қылмыстық іс қозғалған. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №2 аудандық соты 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде жаза қолданған. Автокөлік жүргізу құқығынан үш жылға айырған.

8 мамыр күні 27-ге толатын әлеуеті мол футболшының жасыл алаң қағидаларын қойып, енді жол ережелерін бұзып жүргені өкінішті, әрине. Өзі де жас бала емес, соқталдай жігіт. Әрі «ай дейтін ажа да, қой дейтін қожа да» жоқ сияқты...

Кезінде марқұм Валерий Лобановский ішімдікке салына бастаған қайсыбір футболшыларды жөнге салып, бүкіл әлемге танымал жұлдыз деңгейіне дейін жеткізген. Бірақ бізде дәл осы данышпан бапкердей үлкен жүректі адамдар да болмай тұрғандай...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика