Вернуться к списку статей

“Даму кубогы” – Қазақстан бозбалалары Црна Гора жеткіншектерінен жеңілді

Футбол
1K
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
Црна Горада бозбалалар арасындағы «УЕФА даму кубогы» халықаралық турнирі басталды. Қазақстан-U17 құрамасы бірінші ойында ұтылып қалды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Црна Гора бозбалаларымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Алаң иелері ойынның басында қарқындарын үдетіп, төрт минуттың ішінде екі гол соқты (11-ші және 15-ші минуттарда).

Бұдан кейін, әсіресе екінші таймда біздің құрама шабуыды үдетіп, Црна Гора жеткіншектерін қыспаққа алды. Бірақ Испания маманы Карлош Ферер жаттықтыратын жігіттеріміз азды-көпті мүмкіндіктерін мүлт жіберіп, гол соға алмай қойды.

Осы турнирдегі екінші ойында Босния және Герцеговина бозбалалары Әзірбайжан жігіттерін 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ертең Қазақстан-U17 құрамасы осы босниялықтармен кездеседі.

Босния және Герцеговина – Әзірбайжан – 3:0

Црна Гора – Қазақстан – 2:0

Қазақстан: Кляхин, Дүйсембаев, Аманжол, Джарлаев (Иманғазиев), Дёмин, Неумывaкин (Шәміл), Меделхан (Бабаназаров), Нұрсейіт, Швырев, Савченко (Закария), Герасимов.  

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика