Вернуться к списку статей

Бәрекелді, “Атырау” алты ұпайын қайтарып алды!

Футбол
2K
«Атырау» футбол клубына ҚР Кәсіпқой футбол лигасы шешімімен шегерілген тоғыз ұпайының алтауы қайтарылды.

Бүгін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы FIFA Тәртіптік комитетінің шешіміне сай, Қазақстан футбол федерациясы ұйғарымын орындап, «Атырау» футбол клубына алты ұпайын қайтарып бергендерін жариялады. Әрі Қазақстан премьер-лигасының турнир кестесіне өзгертті.

Яғни «Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС Црна Гора жаттықтырушысы Зоран Филиповичке қарыз (берешек) емес екендерін дәлелдеп шыққан. Бұған дейін аталған команда Швейцарияның Лозанна қаласындағы Спорттық төрелік сотқа апелляциялық шағым түсіргендігін мәлімдеген-ді. «Атыраудың» мүддесін Михаил Прокопец деген беделді құқық қорғаушы қорғаған болатын.

Ал Рикардо Соуза да Костаға қарызын төлегені жайлы әлі ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан үш ұпайлары әлі қайтарылмайды. Яғни ФИФА Тәртіптік комитетінің 2016 жылғы 27 қазанда шығарған шешімі әлі өз күшінде. Естеріңізге сала кетейік, «Атырау» бұл футболшыға 36 063 еуро көлемінде берешек болатын.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика