Вернуться к списку статей

Алтыншы турдың үздігі – Аслан Дарабаев

Футбол
1K
Алтыншы турда Аслан Дарабаев ерекше көзге түсті. Фото: fcirtysh.kz
ҚР Кәсіпқой футбол лигасы Instat компаниясының сараптамаларына сүйене отырып, алтыншы турдың статистикалық қорытындыларын жариялады.

Командалық көрсеткіштер

Instat индексі: 1. «Астана» – 270, 2. «Ертіс» – 235, 3. «Ордабасы» – 221.

Техникалық-тактикалық айла-тәсілдер: 1. «Ертіс» (1 037), 2. «Астана» (990), 3. «Тобыл» (989).

Қақпаға бағыттаған соққылар (жақшада – тура соққылар): 1. «Ертіс» – 30 (13), 2. «Астана» – 22 (10), «Ордабасы» – 15 (9).

Допты өздерінде көп ұстағандар (жақшада – уақыты): 1. «Ертіс» (32:30), 2. «Астана» (31:45), 3. «Тобыл» (29:34).

Шабуылдар саны: 1. «Астана» – 123, 2. «Тобыл» – 119, 3. «Ақжайық» – 117.

Пастар (жақшада – дәл пастары): 1. «Ертіс» – 586 (491), 2. «Тобыл» – 551 (435), 3. «Астана» – 519 (411).

Допқа таласқан сәттер (жақшада – сәтті аяқталғаны): 1. «Ордабасы» – 247 (142), 2. «Астана» – 169 (91), 3. «Қайрат» – 203 (109).

Доп тартып алу: 1. «Ордабасы» – 43, 2. «Қайрат» – 30, 3. «Тараз» – 27.


Жеке көрсеткіштер

Instat индексі: 1. Аслан Дарабаев («Ертіс») – 360, 2. Абзал Бейсебеков («Астана») – 343, 3. Юрий Логвиненко («Астана») – 307.

Instat индексі (қақпашылар): 1. Александр Мокин («Астана») – 280, 2. Андрей Сидельников («Ақтөбе») – 259, 3. Алмат Бекбаев («Ордабасы») – 227.

Техникалық-тактикалық айла-тәсілдер: 1. Лаша Двали «(«Ертіс») – 119, 2. Дмитрий Шомко («Астана») – 104, 3. Родриго («Ертіс») – 102.

Қақпаға бағыттаған соққылар (жақшада – тура соққылар): 1. Аслан Дарабаев («Ертіс») – 7 (5), 2. Джуниор Кабананга («Астана») – 8 (3), 3. Патрик Твумаси («Астана») – 5 (3).

Ереже бұзу: 1. Максим Федин («Оқжетпес») – 6, 2. Виталий Ли («Атырау») – 5, 3. Шавкат Саломов («Атырау») – 4.

Ойын ережесін бұзуға мәжбүрлеу: 1. Преслав Йорданов («Ордабасы») – 6, 2. Максим Фещук («Тараз») – 5, 3. Александр Кислицын («Ертіс») – 3.

Допқа таласып, алып алғандар: 1. Сергей Шафф («Оқжетпес») – 23, 2. Мирам Сапанов («Ақжайық») – 22, 3. Предраг Говедарица («Ақжайық») – 19.

Дриблинг: 1. Аслан Дарабаев («Ертіс») – 9, 2. Сайди Нтибазонкиза («Қайсар») – 8, 3. Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 8.


ҚР Кәсіпқой футбол лигасы

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика