Дұрыс-ақ! Тек ұзағынан болсын дейміз. Екі-үш айдан кейін ұмытылып қалмай... Әр айдың үздігін анықтау үшін премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіледі екен. Олар әрбір айда үздік болған жаттықтырушы мен үш футболшыны атап, дауыс беретін көрінеді.
Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы мұнымен шектелмей, Бірінші және Екінші лигалардағы әр айдың үздіктерін анықтап отыруды қолға алмақшы. Аталған лигаларда да ай сайын үздік жаттықтырушы мен ойыншыны анықтау бас бапкерлер арасында сауалнама жүргізіледі екен.
Енді Қазақстан премьер-лигасындағы наурыз айының үздіктеріне тоқталайық. ҚР Кәсіпқой футбол лигасының бас бапкерлер арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысы төмендегідей:
Наурыз айының үздік үш ойыншысы:
1. Мақсат Байжанов («Қайсар») – 13 ұпай
2. Таңат Нөсербаев («Ордабасы») – 11
3. Алексей Щеткин («Тобыл») – 6
Наурыз айының ең үздік жаттықтырушысы:
Стойчо Младенов («Қайсар») – 9 ұпай
Осы екі номинацияда үздік шыққан жеңімпаздарға естелік жүлделер 16 сәуір күні өтетін «Қайсар» мен «Ертіс» арасындағы матчта табыс етілетін көрінеді.