Бес турда «Атыраудың» еңсесін көтере алмаған бапкер қызметінен кетті. Өзі жалғыз емес, ертіп келген көмекшісі Младен Пралия да кететін болыпты. Клуб мұның ресми түрдегі себебін «хорват маманы отбасылық жағдайына байланысты орнынан кетті» деп жариялады.
Ресми түрдегі себебі осы болғанымен, іс жүзінде хорват маманының «Атырауды» желпіндіре алмағанын білеміз. Бес ойында екі рет тең түсіп, қалған үш ойында ұтылды. Үш-ақ голсоғып, өз қақпасына сегіз доп жіберіп алды.
Әзірше «Атырауды» дене дайындығы жөніндегі жаттықтырушы Қуаныш Қабдолов бас бапкер қызметін атқарушы санатында жаттықтырады екен. Мұнайлы өлкенің көп созбай жаңа бапкер тағайындайтындығына сенеміз. Кім біледі, бәлкім, алыстан іздемей, жақыннан тауып қалар...