Вернуться к списку статей

Қазақстан футзалшылары әлемнің үздік құрамасы атана ма?

Футбол
1K
Фото uefa.com сайтынан
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемнің үздік командасы атағынан үміткерлер тізіміне енді.

Futsalplanet әлемнің үздік құрамасы атағынан үміткер командалар тізімін жариялады. Оған ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы да ілініпті.

Осы ретте айта кетейік, біздің футзалшыларымыз биыл ақпан айында Сербияда өткен Еуропа чемпионатында көпшілікті тамсандырып һәм таңдандырып, құрлық біріншілігінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Енді Колумбияда өтетін әлем чемпионаты жолдамасына да қол жеткізуге тамаша мүмкіндіктері бар. Ол үшін 12 сәуірде Алматыда өтетін қарымта кездесуде Польша құрамасын кез келген есеппен жеңу керек.


Фото futsalplanet.com сайтынан

Ал futsalplanet.com сайтында жарияланға тізімге біздің ерлер арасындағы ұлттық құрамамыздан басқа мына командалар ілігіпті:

Агрентина, Бразилия, Бразилия (әйелдер құрамасы), Венгрия, Иран, Словения, Испания, Украина және Ресей (әйелдер құрамасы).

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын futsalplanet.com әлемнің үздік қақпашысы атағынан үміткер голкиперлердің есімдерін жариялаған болатын. Сол тізімге Алматының «Қайраты» мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита да енгізілген-ді.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика