Тәжік елінің Бободжон Гафуров ауданындағы «Хистеварз» стадионында өткен бірінші жолдастық кездесуде алаң иелерінің 2:1 есебімен басым түскенін кеше жазғанбыз. Бүгін таңертең қазақ-тәжік жеткіншектері екінші рет жасыл алаңға шығып, тең түсті. Есеп – 1:1.
Бұл матчта кешегі кездесудегідей есепті біздің Денис Красноперов ашты. Алайда алаң телері екінші таймда таразы басын теңестіріп, Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан U-16 құрамасының есе қайтаруына мүмкіндік бермеді.
Тәжікстан U-16 құрамасының бас бапкері Тәжікстан футбол федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында біздің бозбалаларымызды мақтапты:
– Жолдастық кездесулердің екеуі де біз үшін пайдалы болды. Ойға түйгеніміз де көп. Былтырғы маусым айында Астанада өткен Президент кубогы додасындағымен салыстырғанда, Қазақстан жеткіншектері әлдеқайда ысыла түсіпті. Бұл команда маған ұнады. Ал өз құрамамыз жайлы айтар болсақ, біз күш-қуат жағынан қарсыластарымыздан асып түсе алмадық. Яғни осы олқылығымызға көңіл бөлуіміз керек.
Тәжікстан (U-16) – Қазақстан (U-16) – 1:1
Голдар: Денис Красноперов, 26 (0:1). Далер Ёдгоров, 78 (1:1).
Тәжікстан (U-16): Шахзод Исмоилов, Шахром Абдуллоев, Хувайдо Малиев (Амир Ибрагимов, 73), Манучехр Сафаров, Комрон Алиев, Искандар Солиев, Саидмухтор Азимов, Узайр Шарипов (Фаридун Неъматов, 46), Далер Ёдгоров, Тохир Малодустов, Мубинджон Муминов (Рамз Амрохонов, 46).
Қазақстан (U-16): Данил Устименко, Андрей Ульшин (Арман Кеңесов, 15), Руслан Махан (Вадим Сидоров, 46), Дінмұхамед Қашкен,Сағи Совет, Санжар Әйтім, Әлім Ілиясов, Сұлтан Сағынаев, Максим Вагапов, Денис Красноперов (Владислав Прокопенко, 70), Лев Скворцов (Борис Куцевол, 46, Еркебұлан Сейідахмет, 75).
Матчтың үздік ойыншысы: Денис Красноперов (Қазақстан).
Бас төреші: Хуршед Дадобоев (Худжанд, Тәжікстан).