Қазақстан жастар құрамасы 20-25 наурыз аралығында Астанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Босния және Герцеговина құрамасымен болатын матчқа дайындалады. Бұл кездесу 25 наурыз күні, сағат 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.
Жастар құрамасына жақында ғана аға жаттықтырушы болып бекітілген Вахид Масудов өзінің алғашқы «емтиханына» төмендегі ойыншыларды шақырыпты. Әрі Босния және Герцеговина құрамасымен өтетін матчта хаттамаға ілігетін футболшылар оқу-жаттығу жиыны барысында іріктелініп алынбақ.
қақпашылар – Михаил Голубничий («Астана»), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Илья Караваев («Алтай»);
қорғаушылар – Берік Шайыхов («Астана»), Әнуар Ағайсин («Тобыл»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Біржан Құлбеков («Астана»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Григорий Сартаков («Ертіс»), Антон Куксин («Оқжетпес»);
жартылай қорғаушылар – Қуаныш Ермеков («Шахтер»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Исламбек Күлекенов («Ақтөбе»), Иван Антипов («Ақжайық»), Владимир Воменко («Ертіс»), Ян Вороговский («Қайрат»);
шабуылшылар – Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Темірлан Әлмұрзаев («Тобыл»), Максим Федин («Спартак», Суботица), Сергей Ветров («Шахтер»), Георгий Макаев («Қызылжар»), Самит Чулагов («Алтай»).