Вернуться к списку статей

Бозбалалар Талғар мен Қайраққұмда жаттығады

Футбол
2K
Фото kff.kz сайтынан
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 9 наурыздан бері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялағандай, Қазақстан U-17 құрамасы ертеңнен, яғни12 наурыздан бастап, осы жолғы оқу-жаттығу жиынын Тәжікстанның Қайраққұм қаласында жалғастырады.

Әрі тәжік топырағында осы елдің жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Жалпы, Қайраққұмдағы жаттығу жиыны 19 наурызда тәмамдалады.

Қазақстан U-17 құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов жиынға төмендегі футболшыларды шақыртыпты:

қақпашылар – Данил Устименко («Қайрат», Алматы), Владислав Саенко («Астана»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы», Шымкент), Сағи Совет («Астана»), Санжар Әйтім («Астана»), Әлім Ілиясов («Астана»), Иван Сизов (ЦСКА, Алматы);

жартылай қорғаушылар – Арыстанбек Мұқашов («Қайрат», Алматы), Руслан Махан («Қайрат», Алматы), Арман Кеңесов («Ертіс», Павлодар), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат», Алматы), Максим Ваганов («Қайрат», Алматы), Виктор Грабко («Атырау);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник», Тараз), Вадим Сидоров («Қайрат», Алматы), Борис Куцевол («Ертіс», Павлодар), Лев Скворцов («Астана»), Владислав Прокопенко («Астана»), Денис Красноперов («Ертіс», Павлодар).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика