Вернуться к списку статей

Легионерлеріміз патриот, өз футболшыларымыз сараң ба?!

Футбол
2K
Қазақ футболында доп теуіп, нәпақа тауып жүрген легионерлер өз елдеріне барып, кедей-кепшіктердің балаларына Жаңа жыл қарсаңында сыйлық үлестіруді әдетке айнадырғандай...

Қазақ долдасында келісімшартпен жалақы алып жүрген шетелдік футболшылардың көбісі маусым аяқталысымен өз елдеріне барып, «Аяз-Атаның» рөлін атқарып келеді. Кедей-кепшік, жарлы-жақыбай отбасылардан шыққан балаларға сыйлық үлестіріп, өз елдеріне пайда тигізуге тырысып жүр.

Мысалы, былтыр Қазақстан премьер-лигасының ең үздік сұрмергені, «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерар Гоу өзінің туған қаласы Абдижанда тұрмыстары жұпыны отбасылардан шыққан бес мың балаға сыйлық үлестірген болатын.

Биыл «Қайраттың» тағы бір ойыншысы тура осылай «Аяз-Ата» болыпты. Бразилиялық қорғаушы Бруно Соарес өзінің туған қаласы Белу-Оризонтидің жұпыны ауданындағы бес мың балаға сыйлық таратқан. Ол жеткіншектерге доп, қуыршақ, басқа да ойыншықтар сыйлаған.

Мұндай легионерлеріміз аз емес. Олардың бәрін тізіп шығудың қажеті болмас. Тіпті өз елдеріне барып, футбол академиясын ашып алған немесе басқа да кәсіпкерлікті бастап кеткен легионерлеріміз де бар көрінеді. Дұрыс. Оларға тіпті риза боласың...

Ал өз футболшыларымыз ше? Біздің өз жігіттеріміз неге кедей-кепшіктер мен жарлы-жақыбайлардың балаларына көмектеспейді?! Әлде қазақстандық футболшылардың жалақылары тым төмен бе? Жоқ әлде мұны қажет емес “жарнама” деп түсіне ме? Бәлкім, көзге түскілері келмейтін шығар... “Көз тиеді” немесе “сөзге қаламыз” деп ойлай ма екен?!

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика