Вернуться к списку статей

Қазақстан U-19 құрамасы өз елімізде “жер тарпып” тұр

Футбол
2K
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, төрт жолдастық кездесу өткізді. Әрі төртеуінде де жеңіске жетті.

Осы жас шамасындағы жасөспірімдер құрамасының бапкері Александр Кузнецов қол астына жинаған футболшыларын екі топқа бөліп, төрт кездесу өткізді. Төртеуінде де Алматы командаларымен додаға түсті.

Әуелі футболшыларының бір бөлігі Алматының ЦСКА командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Жанәлі Пайруз бен Лев Скворцов екі голдан соғып, мергендіктерімен көзге түсті.

Бұл ойында алаңға Владислав Сазонов, Талғат Кусяпов, Гаврил Кан, Ерасыл Аманжолов, Данил Кузнецов, Айдос Орал, Жанәлі Пайруз, Дінмұхамед Қашкен, Мұхит Жақсылық, Лев Скворцов, Дарын Сүйінов шықты. Сұлтан Астанов ойынға екінші таймда қосылған. 

Қазақстан U-19 құрамасының екінші бқлігі Алматы құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түскен. Голдарды Сағыныш Серіков пен Владислав Квон соққан.

Ал алаңға Адашбек Әбдіразақов, Самат Бортай, Сағадат Тұрсынбай, Батыр Құдайбердінов, Айбар Нұрдалиев, Нұралы Әліп, Сағыныш Серіков, Әліби Тұзақбаев, Владислав Квон, Мәрлен Айманов, Санжар Батырханов шыққан. Қақпашы Али Янтижанов ойын ортасында Адашбек Әбдіразақовты ауыстырған.

Кеше Қазақстан U-19 құрамасы тағы екі ойын өткізді. Александр Кузнецов шәкірттерін тағы да екіге бөлген. Бірінші топ Алматы U-19 құрамасымен кездесіп, 8:1 есебімен басымдық танытқан. Голдарды Батыр Құдайбердінов (үш), Мәрлен Айманов пен Владислав Квон (екі доптан) және Әліби Тұзақбаев соққан.

Бұл ойында Адашбек Әбдіразақов, Санжар Батырханов, Самат Бортай, Сағадат Тұрсынбай, Айбар Нұрдалиев, Нұралы Әліп, Әліби Тұзақбаев, Сағыныш Серіков, Жәнібек Байтұрсынов, Батыр Құдайбердінов, Марлен Айманов, Владислав Квон, Али Янтижанов сынды жеткіншектер ауысып ойнаған.

Қазақстан U-19 құрамасының екінші бөлігі ФШМ U-21 командасымен кездесіп, 7:0 есебімен үстем түскен. Голдарды Сұлтан Астанов (үш), Лев Скворцов (екі), Жанәлі Пайруз және Мұхит Жақсылық соққан.

Жасыл алаңға Владислав Сазонов, Жанәлі Пайруз, Талғат Кусяпов, Данил Кузнецов, Дінмұхамед Қашкен, Ерасыл Аманжолв, Мұхит Жақсылық, Дарын Сүйінов, Айдос Орал, Гаврил Кан, Лев Скворцов, Сұлтан Астанов, Данил Устименко сынды ойыншылар шығып, ауысып ойнаған.

Сөйтіп, Қазақстан U19 құрамасы 2016 жылғы жаттығу жұмыстарын аяқтады. Енді 2017 жылдың 2-7 қаңтар аралығында қайтадан Талғарға жиналып, екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика