Вернуться к списку статей

Легионерлер мәселесі “жабулы қазан” күйінде қалды

Футбол
2K
Постников енді
Жұма күні ҚР Кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысы өтіп, онда бүгінгі таңдағы өзекті және маңызды мәселелер талқыланған-ды. Бірақ легионерлер туралы ресми түрде ешқандай мәлімдеме жарияланған жоқ...

Бұған дейін жазғанымыздай, премьер-лигада 12 команда ойнайтын болды. 2017 жылы Қазақстан премьер-лигасындағы ел біріншілігі үш айналымдық додамен өтетін болды. Үшінші айналымдағы матчтар Бергер кестесі бойынша құрастырылады екен.

Бірақ ол әлі егжей-тегжей түсіндірілген жоқ. Әйтсе де, Бергер кестесіне сүйенсек, алғашқы алтылықтағы командалар үшінші айналымдағы алты ойынды үйде, бес кездесуді түзде өткізулері керек. Ал 7-12 орындарға ие болған командаларға керісінше, бес ойында өз стадионында, алты матчы сырт алаңда өткізуге тура келеді...  

Еліміздегі футбол мамандары мен жанкүйерлер, тіпті Қазақстан чемпионатындағы футболшылар асыға күткен енді бір мәселе жабулы қазан күйінде қалды. Ол – бір ойында алаңға неше легионер шығатындығы. Бұл жайында ҚР Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты бір ауыз сөз жазбаған да, ләм-мим демеген де...       

Бұл дегеніңіз, легионерлер мәселесі әу баста “көселгенімен”, еш өзгеріс енгізілмей, сол күйі қалғандығын білдіреді. Оның үстіне, Қазақстан премьер-лигасындағы кейбір клубтардың ресми сайтары «Қазақстан футболының түлектері емес» ереже “өзгеріссіз қалды” деп жазды...

Сонымен, келесі жылы да, премьер-лига клубтары әрбір ойын хаттамасына сегіз легионер тіркей алады, ал олардың тек алтауы алаңға шыға алады. Есесіне, 2014 жылдың қараша айына дейін, яғни «Қазақстан футболы түлегі» ережесі қабылданғанға дейін біздің елдің азаматтығын алған футболшылар енді легионер болып саналмайды.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика