Вернуться к списку статей

Қазақстан премьер-лигасында 12 команда ойнайтын болды

Футбол
2K
Қазақстан премьер-лигасында сол бұрынғысынша 12 команда ойнайтын болды. Фото: fca.kz
Бүгін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысы өтіп, онда бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, Ең бастысы, премьер-лигада 12 команда қалатын болды.

Қазақстан премьер-лигасындағы футбол клубтарының басшылары бас қосқан жалпы жиналыстағы ең маңызды мәселенің бірі ең жоғарғы тобымыздағы командалар саны еді. Оны 14 немесе 16 клубқа дейін көбейту мәселелері талқыланған.

Алайда, Қазақстан премьер-лигасында сол бұрынғысынша 12 команда қалатын болды. Тек соңғы жылдардағыдай екі айналымнан кейін бұл командалар қос алтылыққа жіктелмейді.

2017 жылы ел біріншілігі үш айналымдық жүйемен өткізіледі. Алғашқы екі айналымда барлық командалар үйде және түзде жүйесімен ойнайды. Ал үшінші айналымдағы матчтар Бергер кестесі бойынша құрастырылады.

Еліміздің премьер-лигасындағы футбол клубтарының басшыларының бүгінгі басқосуда қабылдаған шешімдері Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің қарауына жіберілген. Бекітетін – солар.

Сонымен қатар, трансферлік кезең мезгілі бекітіліпті – 11 қаңтардан бастап, 3 сәуірге дейін. Бүгінгі басқосуда талқыланған басқа мәселелрге әлі тоқталатын боламыз...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика