Вернуться к списку статей

Ең үздік жас ойыншыларымыз жарияланды

Футбол
2K
Фото: pflk.kz
Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы Instat компаниясының сараптамалық деректеріне сүйене отырып, өткен маусымдағы ең үздік жас ойыншыларымызды жариялады.

ҚР Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі Instat компаниясының сараптамалық деректеріне сүйене отырып, Қазақстан премьер-лигасындағы ең үздік жас ойыншыларды анықтаған.

Жас ойыншылар ретінде 1994 жылға дейін туған, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы сапына ойнай алатын футболшылар есепке алынған. Әрі бұл рейтингке өз командасы сапында кемі 11 ойын (маусымдағы матчтардың үштен бір бөлігін) өткізген жігіттер енгізілген.

1-орын. Еркебұлан Тұңғышбаев (14.01.1995, 21-де), «Ордабасы», оң қапталдағы жартылай қорғаушы

Орташа индексі – 188

Өткізген ойындарының саны – 28

Алаңда неше минут ойнады – 2 137

Гол және пас – 3+4

Пастары, әр ойында орта есеппен – 31

Оның ішінде, дәл пастары – 74 %

Допқа таласқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 22

Оның ішінде, допты алып алғаны – 50 %

Алдап өтпек болған сәттері, әр ойында орта есеппен – 7

Оның ішінде, алдап өткен сәттері – 54 %

Допты алып кетуге тырысқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 3

Оның ішінде, допты алып кеткені – 50 %

Доптан айырылып қалған сәттері, әр ойында орта есеппен – 13


2-орын. Берік Шайыхов (20.02.1994, 22-де), «Жетысу», сол қапталдағы қорғаушы

Орташа индексі – 179

Өткізген ойындарының саны – 12

Алаңда неше минут ойнады – 998

Гол және пас – 0+1

Пастары, әр ойында орта есеппен – 35

Оның ішінде, дәл пастары – 78 %

Допқа таласқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 8

Оның ішінде, допты алып алғаны – 39 %

Допты алып кетуге тырысқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 4,6

Оның ішінде, допты алып кеткені – 41 %

Допты “қиып” алған сәттері, әр ойында орта есеппен – 3

Допты “қақшып” әкеткен сәттері, әр ойында орта есеппен – 3


3-орын. Григорий Сартаков (19.08.1994, 22-де), «Ертіс», сол қапталдағы қорғаушы

Орташа индексі – 176

Өткізген ойындарының саны – 15

Алаңда неше минут ойнады – 1 062

Гол және пас – 0+1

Пастары, әр ойында орта есеппен – 44

Оның ішінде, дәл пастары – 83 %

Допқа таласқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 9

Оның ішінде, допты алып алғаны – 67 %

Допты алып кетуге тырысқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 4,2

Оның ішінде, допты алып кеткені – 67 %

Допты “қиып” алған сәттері, әр ойында орта есеппен – 6

Допты “қақшып” әкеткен сәттері, әр ойында орта есеппен – 3


4-орын. Алтынбек Сапаров (26.04.1995, 21-де), «Атырау», орталық жартылай қорғаушы

Орташа индексі – 175

Өткізген ойындарының саны – 21

Алаңда неше минут ойнады – 1 202

Гол және пас – 1+1

Пастары, әр ойында орта есеппен – 43

Оның ішінде, дәл пастары – 83 %

Допқа таласқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 20

Оның ішінде, допты алып алғаны – 49 %

Допты алып кетуге тырысқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 6

Оның ішінде, допты алып кеткені – 50 %

Допты “қақшып” әкеткен сәттері, әр ойында орта есеппен – 7

Допты “қиып” алған сәттері, әр ойында орта есеппен – 7

Доптан айырылып қалған сәттері, әр ойында орта есеппен – 10


5-орын. Дидар Жалмұқан (22.05.1996, 20-да), «Ақтөбе», оң қапталдағы жартылай қорғаушы

Орташа индексі – 174

Өткізген ойындарының саны – 28

Алаңда неше минут ойнады – 1 858

Гол және пас – 6+3

Пастары, әр ойында орта есеппен – 29

Оның ішінде, дәл пастары – 73 %

Допқа таласқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 19

Оның ішінде, допты алып алғаны – 32 %

Алдап өтпек болған сәттері, әр ойында орта есеппен – 5

Оның ішінде, алдап өткен сәттері – 40 %

Допты алып кетуге тырысқан сәттері, әр ойында орта есеппен – 3,5

Оның ішінде, допты алып кеткені – 34 %

Доптан айырылып қалған сәттері, әр ойында орта есеппен – 15


ҚР Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі тағы бір жас ойыншымыздың орташа индексі (Instat Index) өте жоғары екендігін айрықша атап өткен. Ол – «Оқжетпес» клубының қорғаушыларға тірек болар шепте ойнайтын жартылай қорғаушысы Мирас Төлиев.

Өкіішке қарай, Мирас тек маусым соңында (қазан айында) ғана алаңға шыға бастап, 6 матч өткізді. Оның орташа индексі – 180. Әрі ойынды жақсы бағамдап отыратыны байқалады (бір ойында допты 10 рет “қақшып” әкетіп, 5 рет “қиып” алып отырған).

Өз кезегімізде қосарымыз, ҚР Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі жоғарыдағы бес ойыншының Instat компаниясы жүргізген сараптамалық деректерін өз шептеріндегі Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларымен салыстырып отырған.

Әрине, статистикалық деректер бойынша Жалмұқан Аршавиннен, Сапаров Каньястан, Шайыхов пен Сартаков Шомкодан асып түсе алмайды. Ең бастысы, жас ойыншыларымызда тұрақтылық жоқ. Бір ойында өте жақсы ойын өрнегін көрсетсе, кейбір ойындарда көп қателесіп отырған...    

Ал Тұңғышбаев премьер-лиганың ең үздік жартылай қорғаушысы Исаэлден қалыспаған деуге де болады. Тіпті кейбір ойын сәттері (статистикалық деректер) бойынша одан асып та түскен.

Рас, Исаэль голды көп соғып, пасты да оңтайлы бере білген (гол + пас = 7+6). Қарсыластарын алдап өтуге машық (13/61%). Бірақ Тұңғышбаев қорғаныста пайдалы, допқа таласқанда көбінесе есесін жібермейді, допты алып кетуге де бейімделген, әрі одан айырылып қалуы да сиректеу... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика