Вернуться к списку статей

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2018 додасын Түркияда бастайды

Футбол
1K
Қазақстан U-19 құрамасы. Фото: kff.kz
Бүгін 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы, 2018 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің де жеребесі тартылды. Қазақстан U-19 құрамасы – 13-топта.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ХVІІ Еуропа чемпионатының финалдық додасы 2018 жылы Финляндияда өтеді. Оған сегіз-ақ құрама қатысады. Ал Финляндия U-19 құрамасы чемпионат қожайындары ретінде финалдық кезеңге тікелей шығады, әрине.

Қалған командалар екі електік сатыдан тұратын іріктеу ойындары арқылы жеті жолдаманы сарапқа салады. Мұнда да әуелі 52 құрама 13 топқа бөлініп додаға түседі. Осы жас шамасындағы рейтингтері жоғары Испания мен Португалия құрамалары алғашқы електік додаға қатыспайды, екіншісінде қосылады.

Бүгін Ньонда бірінші електік кезеңнің жеребесі тартылып, Қазақстан U-19 құрамасы 13-топқа түсті. Қарсыластары – Түркия, Словакия және Уэльс жігіттері. Бұл топтың ойындары 2017 жылдың 7-13 қараша күндері түрік ағайындарымыздың жерінде өтеді.

Екінші електік кезеңге әр топтан екі команда шығады (яғни 26 құрама). Бұларға рейтингтері өзгелерден жоғары Испания мен Португалия қосылады. Сонда, барлығы – 28 құрама.

2018 жылдың көктемінде осы 28 құрама жеті топқа бөлініп, екінші електік додада бақ сынайды. Финалға әр топтың жеңімпаздары ғана шығады (Бұл жетеуіне Финляндия U-19 құрамасы қосылады). Осы Еуропа чемпионатында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.

1-електік кезеңдегі 13 топ:

1-топ (8-14 қараша): Хорватия*, Дания, Латвия, Сан-Марино

2-топ (4-10 қазан): Германия, Польша*, Солтүстік Ирландия, Беларусь

3-топ (8-14 қараша): Чехия, Шотландия, Люксембург*, Армения

4-топ (4-10 қазан): Нидерланды*, Словения, Венгрия, Мальта

5-топ (8-14 қараша): Бельгия, Швейцария, Македония*, Лихтенштейн

6-топ (3-9 қазан): Австрия*, Израиль, Литва, Косово

7-топ (4-10 қазан): Сербия, Ирландия*, Әзірбайжан, Кипр

8-топ (8-14 қараша): Англия, Болгария*, Исландия, Фарер аралдары

9-топ (4-10 қазан): Италия, Швеция*, Эстония, Молдова

10-топ (8-14 қараша): Ресей, Грекия*, Румыния, Гибралтар

11-топ (8-14 қараша): Франция, Грузия, Босния және Герцеговина*, Андорра

12-топ (4-10 қазан): Украина, Қаратау, Норвегия, Албания*

13-топ (7-13 қараша): Түркия*, Словакия, Уэльс, Қазақстан

* әр топтың қожайындары

Екінші електік кезеңге тікелей шыққандар: Испания, Португалия

Финалдық додаға тікелей шыққан: Финляндия (чемпионат қожайыны)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика