Вернуться к списку статей

Пенальтиді қай бұрышқа тебу керек – Сараптамалық компания деректері

Футбол
2K
Instat компаниясының сараптамалық деректеріне сүйене отырып, 2016 Қазақстан премьер-лигасының үздіктерін анықтаған ҚР Кәсіпқой футбол лигасы пенальтиге де атүсті мән беріпті.

Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы Instat компаниясының сараптамалық деректеріне сүйене отырып, биылғы маусымдағы пенальтилердің бағытталған нүкттелері (аймақтары) бойынша жіктеп шыққан. Бұл төмендегі фотода көрсетілген.

Бұл суреттен байқарымыз, қақпа “тоғыздықтары” нысанаға алынған соққыларды тойтару әсте мүмкін емес сияқты. Биыл Қазақстан премьер-лигасында оң бұрышқа бағытталған 10 соққыға да, сол бұрышты нысанаға алған бес соққыға да ешбір қақпашы тосқауыл бола алмаған...

Енді бір көңіл аударарлық дәйек, премьер-лига қақпашылары сол жақтарынан гөрі оң жақ қырларына қарай жақсы секіретіндей. Қақпашылардың сол жақ бұрыштарына бағытталған соққылардың 56 пайызы, ал оң жақ бұрыштарына бағытталған доптардың 71 пайызы тор ішінде тулаған.

Қақпаның ортасына бағытталған айып соққыларының басым көпшілігі сәтті аяқталған. Бұл Қазақстан премьер-лигасындағы қақпашылардың көбісінің соққыдан бұрын жорамалдап (топшылап) қақпаның бір жақ бұрышына ышқына секіретіндерін білдіретіндей...  

Сонымен, Қазақстан премьер-лигасындағы барлық пенальтилер сұлбасы:



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика