Вернуться к списку статей

“Sheriff cup-2016”: Бозбалаларымыз "Зениттің" ізбасарларымен тең түсті

Футбол
1K
“Sheriff cup-2016” додасы басталды. Фото: fc-sheriff.com
Бүгін Молдованың Тирасполь қаласында басталған «Шериф-2016» халықаралық турнирінде Қазақстан-U17 құрамасы Ресейдің "Зенитінің" ізбасарларымен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті.

Молдованың Тирасполь қаласында “Sheriff cup-2016” халықаралық турнирі басталды. Аталған дода Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен Ресейдің «Зенит» командасы арасындағы ойынмен ашылды. Тартысты өткен кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ойын басталған сәтте Еркебұлан Сейідахмет есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шыққан. Тіпті команда капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиден есепті еселей де түскен болатын.

Алайда бірінші таймның аяғына дейін «Зенит» жеткіншектері таразы басын теңестірді. Олар да бір голды 11-метрлік айып соққысынан енгізіп, бірінші таймның негізгі уақытан қосылған қосымша минутта тағы бір гол соқты.

Екінші таймда Еркебұлан Сейідахмет Қазақстан -U17 құрамасын тағы да алға шығарған еді. Өкінішке қарай, Ресей жеткіншектері матч соңында тағы да есепті теңестіріп кетті.

Александр Кузнецов шәкірттері жеңісті есепті “уыстарында” ұстап тұра алмай, бір ұпайды қанағат тұтты. Ал «В» тобындағы бірінші ойында Киевтің «Динамосының» ізбасарлары өздерінің Тбилисиден келген әріптестерін 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ертең 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дем алады да, «А» тобында «Зенит» пен «Шерифтің» ізбасарлары додаға түседі. Біздің бозбалаларымыз алаң иелерімен бейсенбі күні кездеседі.

Шериф кубогы-2016. Бірінші күн

«Зенит-U17» (Санкт-Петербург, Ресей) – Қазақстан-U17 құрамасы – 3:3

Голдар: Сейідахмет, 2 (0:1). Қашкен, 11-пенальтиден (0:2). И.Павлов, 26- пенальтиден (1:2). Баптиста, 40+1 (2:2). Сейідахмет, 74 (2:3). Сомов, 75 (3:3).

Қазақстан: Устименко, Әйтім, Қашкен, Ілиясов (Шәмші, 62), Совет, Ульшин, Махан (Қалыбаев, 69), Орал (Кеңесов, 62), Қайыркенов, Құдайбердінов (Усачев, 20; Сидоров, 69), Сейідахмет.


«Динамо-U17» (Киев, Украина) – «Динамо-U17» (Тбилиси, Грузия) – 2:1

Голдар: Закорьский, 77 (1:0). Харшиладзе, 80+1 (1:1). Цииташвили, 80+3 (2:1).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика