Вернуться к списку статей

Бірінші лиганың үздік ойыншысы – Андрей Карпович

Футбол
2K
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лиганың биылғы маусымдағы үздік ойыншысын, үздік бапкерін, ең үздік жас ойыншысын және 22 таңдаулы ойыншыларының тізімін жариялады.

Бірінші лиганың үздік ойыншыларын анықтау үшін де сауалнама жүргізілді. Оған осы лигада ойнайтын командалардың басшылары, бапкерлері және капитандары тартылып, дауыс берді.

Әрі дауыс беру кезінде әрбір респондент басымдылық тізілімде үш ойыншыны (бапкердің) аты-жөнін атауы тиіс болатын. Онда бірінші жазылған ойыншыға үш, екіншісіне екі, ал үшіншісіне бір ұпай беріледі.

Сауалнаманың қортындысы бойынша «Бірінші лиганың 2016 жылғы үздік ойыншысы» номинациясында Андрей Карпович теңдессіз танылды. «Алтай» футбол клубының капитаны бүл саңалнамада 26 ұпай еншілепті (4 – бірінші орын, 5 – екінші орын және 4 – үшінші орын).

Екінші орынға 23 ұпаймен «Алтайдың» шабуылшысы, І-лиганың сұрмергені Алексей Шакин ие болған (5-3-2). Үштікті 22 ұпай жинаған «Қайсардың» көшбасшысы Руслан Сақалбаев түйіндеген (4-5-2).

Ал «Бірінші Лиганың 2016 жылғы үздік бапкері» номинациясында Қызылорданың «Қайсарының» бас бапкері Сұлтан Әбілдаев иеленді үздік шыққан. Ол 59 ұпаймен (14-7-3) өзгелерден қара үзді. Екінші орынды 34 ұпаймен Петропавлдың «Қызыл-Жар СК» клубының бас бапкері Владимир Фомичев иеленді (5-8-3). Үшінші орынға қазан айының соңына дейін «Алтай» командасын жаттықтырған Сергей Тимофеев орналасқан – 25 ұпай (3-7-2).

Ақтаудың «Каспий» командасының жартылай қорғаушысы Бекзат Қабылан биылғы маусымның ең үздік жас ойыншысы болып танылды – 39 ұпай (10-3-3). Екінші орынға 12 ұпаймен «Қайсардың» қорғаушысы Сергей Кейлер ие болған (2-2-2). Үшінші орын Шымкенттің «Қыранының» жартылай қорғаушысы Самат Шәмшіге бұйырды – 9 ұпай (3-0-0).

Бірінші лиганың іріктеліп алынған 22 үздік ойыншысының (символикалық құрамасының) тізімі төмендегідей:

қақпашылар – Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Виталий Кувшинов («Мақтаарал»);

сол қапталдағы қорғаушылар – Сергей Кейлер («Қайсар»), Әнуар Ұмашев («Алтай»);

сол қанаттағы орталық қорғаушылар – Драмане Коне («Каспий), Иван Граф («Қайсар»);

оң қанаттағы орталық қорғаушылар – Денис Колодин («Алтай»), Олжас Керімжанов («Қайсар»);

оң қапталдағы қорғаушы – Дмитрий Шмидт («Алтай), Нұржарық Күнов («Қайсар»);

қорғанысқа тірек болар қорғаушылар – Андрей Карпович («Алтай»); Думан Нарзілдаев («Қайсар»);

сол қапталдағы жартылай қорғаушылар – Сабыржан Ибраев («Мақтаарал»), Еркебұлан Нұрғалиев («Алтай»);

оң қапталдағы жартылай қорғаушылар – Андрей Шакин («Алтай), Бекзат Қабылан («Каспий»);

ортадағы жартылай қорғаушылар – Руслан Сақалбаев («Қайсар»), Сергей Струков («Қызыл Жар»);

сол қапталдағы шабуылшылар – Олег Храмцов («Қайсар»), Божко Ступич («Қызыл Жар»);

оң қапталдағы шабуылшылар – Сергей Шафф («Алтай»), Матиц Марушко («Қайсар»).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика