Вернуться к списку статей

Байшақов ардагерлерден бастады – Стипендия 55 мың теңге болды

Футбол
1K
Қазақстан футбол ардагерлері кезекті матч алдында. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының жаңа сайланған президенті Сейілдә Байшақов еліміздегі бұқаралық футболды дамытуды қолға алды. Әуелі ардагерлердің зейнетақысын (стипендиясын) көтерді.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ҚФФ Атқару комитетінің басқосуы өтіп, онда қазақ футболының ардагерлері үшін бөлінетін стипендия сомасы талқыланғандығын жариялады.

Аталған басқосуда зейнетақыны (стипендияны) көтеру туралы шешім қабылданған. Әйгілі футболшылар мен жаттықтырушылар бұған дейін 30 мың теңгеден алып келсе, енді бұл сома 55 мың теңгеге көтеріліпті.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов бұл жөнінде:

Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені, бұл адамдар қазақ футболының қайнар көзі іспетті. Сондықтан олардың еңбектерін ұмытуға болмайды. Олардың көпшілігі қазірге дейін отандық футболдың игілігі үшін еңбек етуде. Ардагерлердің кейбірі балалар және жасөспірімдер футболында жұмыс істейді. Базбіреулері қоғамдық спорттық ұйымдарда қызмет атқарады. Сонымен қатар, ардагерлер арасындағы доп додаларына қатысады. Осылай олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика