Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогының финалы – Билет бағасы 500-5000 теңге аралығында

Футбол
2K
Қазақстан кубогы. Фото: pflk.kz
Футболдан ХХV Қазақстан кубогының финалы 19 қараша күні Алматыда өтеді. Мәртебелі кубокты “Астана” мен “Қайрат” сарапқа салады.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайттары финалдық матчта қазіліқ ететін төрешілер тізімін жариялады. Бас төреші қызметін Руслан Дүзмамбетов (Өскемен) атқаратын болыпты.

Оған Рустам Сүйінов пен Андрей Попов (екеуі де – Павлодардан) көмектесетін болады. Ал қосалқы төреші ретінде Сергей Васютин (Алматы) тіркелген. Сондай-ақ бас төрешінің қосымша көмекшілері де жарияланды. Олар – Асхат Абданбаев (Тараз) және Анатолий Вишниченко (Қостанай). Ал матчтың инспекторы – Валерий Агеев (Қостанай).

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Қазақстан кубогының финалы 19 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – 15:00-де. Ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ертең екі команданың бас бапкерлерінің баспасөз жиыны өтеді. Әрі қос команданың ашық жаттығу жиындары да жоспарланған. Мұның бәрін жанкүйерлер онлайн жүйесінде тамашалай алады.

Кәсіпқой футбол лигасының ҚКФЛ-ТД тікелей трансляция ұйымдастыруды жоспарлап отырған көрінеді. Онда жанкүйерлер чат арқылы өз сұрақтарында қоя алады екен.

Ал билеттер 12 қарашадан бері сатылымға шыққан. Онлайн жүйесі арқылы да, Орталық стадионның кассаларынан да сатып алуға болады. Билет бағалары – 500-5000 теңге аралығында.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика