Вернуться к списку статей

Талғат Байсуфинов – Біздің командада көшбасшы жоқ

Футбол
2K
Талғат Байсуфинов – Біздің командада көшбасшы болған жоқ
Қазақстан ұлттық құрамасы осы маусымағы ең соңғы ойынын өткізіп, Даниядан ірі есеппен жеңілді.

Ойыннан кейін бас командамыздың бас бапкері Талғат Байсуфинов отандық баспасөзге матч туралы аз-кем пікірін білдірді.

– Дания бізге ойнауға мүмкіндік беріп жатты. Бірақ алғы шепте доп жеткізетін, допқа таласатын шабуылшы жетпеді. Асығыстық қимылдарымыз, жанталасып жүгіргеніміз және дат ойыншыларының жекелеген шеберліктері өз өзімізге қауіпті шабуылдар ұйымдаструға әкеліп соқтырып жатты.

– Сіз қарсыласыңызды басынан бақайына дейін зерттедіңіз ғой.

– Қапталдардан пас, екінші қабаттағы допқа талас сынды қауіптерге дайындалғанбыз. Ойн барысында осылардан опық жедік.

– Эриксенге қарсы ойнау өте қиын болды...

– Бұл ойыншы әлемдегі ең үздіктердің ондығына кіреді. Еркін суретші. Ойын арнасын өз бағытына қарай бұрып әкеткен кездері де болды.

– Қазақстан сапынан кімді бөле-жара атай аласыз?

– Жалпы команда Данияға қарсы ойнауға дайын болды. Тағы қайталап айтайын, олар бізге ойнауға мүмкіндік беріп жатты. Гол да соқтық, ойын тізгінін де өз қолымызға алған кездер болды. Жігер бар. Кейбір ойыншылардың қателіктерін командалық ойынмен шуып-шайдық. Алайда алғы шептің жігіттері ойынға кірісе алмады. Сондай-ақ, көшбасшы-лидер болған жоқ. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика