Вернуться к списку статей

Легионерлер мен қазақстандықтар – жалқауы кім, арамтамағы қайсы?

Футбол
2K
Кім мықты? Сырттан келген сырттандар мен қазақ футболының түлектері
Биыл Қазақстан Премьер-лигасында 32 турда барлығы 192 ойын өтіп, 491 голдың куәсі болыппыз. Бесеуі автогол. Ал қалғандарын кімдер соқты? Легионерлер мықты ма, әлде қазақстандық шабуылшылар мерген бе?

Бірден айта кетейік, қазір Қазақстан футболында «легионер» деген түсінік жоқ. Ауызекі тілде айта береміз, бірақ Қазақстан Кәсіпқой лигасының Регламентінде «Қазақстан футболының түлегі» және «Қазақстан футболының түлегі емес» деп ойыншыларды екіге бөліп тастаған. Яғни, Ненад Эрич, Олег Хромцов, кейбір ойыншылар Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, легионерлер санатына жатады. Мұның өзі – бөлек мәселе. Бүгінгі тақырыбымызға оралайық.

Статистика деген қызық қой. Қай команданың легионерлерге масыл, қайсысының жергілікті ойыншылары мықты екенін көз алдыңа тізіп береді. Мәселен, «Қайрат» биылғы маусымда 75 гол соққан болса, 47-сі легионерлердің еншісіне тиесілі. 27 голды Бауыржан Исламхан бастаған қазақстандықтар соққан. Тағы бір голды алматылықтар қарсыласын қателестіріп, өз қақпасына соғып алуына мәжбүрлеген. Дегенмен, «Қайрат» гол соғудан қай жағынан болса да – алда. Легионерлері де, қазақ топырағында тәрбиеленгендері де жарап тұр.

Ал жергілікті ойыншылары ең аз гол соққан команда – «Ақжайық». Оралдықтар сапында тура соққысымен көзге түскен қазақстандықтарды бір қолдың саусақтарымен-ақ санап бере салуға болады. Олар: Қуаныш Бегалин, Руслан Валиуллин, Марат Шахметов, Эдуард Сергиенко және Иван Антипов.

Сол сияқты «Ақтөбенің» де легионерлері соққан голдардың саны бар болғаны 12 ғана. Шабуылда төрт легионердің тіркелгенін, соңғы матчтарда Никита Бочаревтің де алғы шепте жиі ойнағанын ескерсек, «Ақтөбенің» 2-2,5 миллион теңге айлық алатын легионерлерінің сапасы қаншалықты екенін бағамдай беруге болады. Екінші кезеңде «ақтөбелік» легионерлер тіптен демалып жатқан секілді. Еншілеріне бар болғаны 4-ақ гол жазыпты.

Мына кестеде 2016 жылғы Премьер-лигада қанша голды қазақстандықтар, нешесін легионерлер соққаны көрсетілген.  

Премьер-лига 2016 барлық голдар

Р/с

Команда

Қазақстандықтардың голдары

Легионерлердің голдары

Барлық голдар

1

Қайрат

27

47

74

2

Ертіс

26

26

52

3

Астана

20

26

46

4

Оқжетпес

25

17

42

5

Тобыл

17

23

40

6

Ордабасы

15

25

40

7

Жетісу

10

27

37

8

Ақтөбе

24

12

36

9

Атырау

8

26

34

10

Тараз

9

24

33

11

Ақжайық

7

20

27

12

Шахтер

11

14

25

Барлығы

199

287

486

Әлгі бес автоголды санамағанда қалған 486 голдың 315-і ел чемпионатының бірінші кезеңіне тиесілі. Оның ішінде 140 голды қазақстандықтар соққан. Кестеден байқап отырғандарыңыздай, бірінші кезеңде «Тараз» шабуылшылары белсендірек болған. Әсіресе қазақстандықтар. Бірақ екінші кезеңде «Тараздағы» қазақстандықтар небәрі екі-ақ голдың авторы атаныпты. Жалпы, бұл команданың легионерлері де соншалықты мықты емес. Әлгі 24 голдың 13-і Малик Маненің арқасында соғылған.

Екінші кестеде Премьер-лигада соғылған голдардың бірінші кезеңіндегі статистикасы көрсетілген.

Премьер-лига 2016 барлық голдар

(Бірінші кезең)

Р/с

Команда

Қазақстандықтардың голдары

Легионерлердің голдары

Барлық голдар

1

Қайрат

15

34

49

2

Ертіс

18

19

37

3

Оқжетпес

22

11

33

4

Астана

17

16

33

5

Тобыл

12

16

26

6

Ордабасы

13

12

25

7

Ақтөбе

15

8

23

8

Тараз

7

15

22

9

Жетісу

5

17

22

10

Атырау

6

15

21

11

Ақжайық

5

7

12

12

Шахтер

5

5

10

Барлығы

140

175

315

Әр команданың өз сұрмергені бар. Егер мықтыларын айтар болсақ, ең көп гол ивуарлық Жерар Гоудың еншісінде. «Піл сүйектерінің» елінен келген «қара маржан» 29 матчта 22 рет қарсылас қақпашыларын сан соқтырыпты. 

Өз жігіттерімізден Роман Муртазаевты бірінші ретінде айтамыз. Келесі жылы «Астанада» ойнауы мүмкін «Ертіс» шабуылшысы осы маусымда 32 ойын өткізіп, 18 голдың авторы атанған. 

Ал Азат Нұрғалиев екі команданың сапында да сұрмергендер тізімін бастап тұр. Маусымның алғашқы жартысын «Ордабасыда» өткізген жартылай қорғаушы (шабуылшы да емес) 17 ойында 6 гол соқса, «Астана» сапында Азатқа алты гол соғу үшін 11 матч жеткілікті болған.

Үшінші кестеде Премьер-лига командаларының сұрмергендері көрсетілген. 

Премьер-лига – 2016. Сұрмергендер

Р/с

Команда

Қазақстандық сұрмерген

Легионер сұрмерген

Аты-жөні

Гол/матч

Аты-жөні

Гол/Матч

1

Астана

Азат Нұрғалиев,

Таңат Нөсербаев

6 (11)*

6 (25)

Джордже Деспотович

8 (31)

2

Қайрат

Бауыржан Исламхан

16 (31)

Жерар Гоу

22 (29)

3

Ертіс

Роман Муртазаев

18 (32)

Карлуш Фонсека

6 (28)

4

Ордабасы

Азат Нұрғалиев

6 (17)

Александр Гейнрих

10 (20)

5

Оқжетпес

Марат Хайруллин

8 (27)

Серж Бандо

8 (28)

6

Ақтөбе

Дидар Жалмұхан

6 (28)

Никита Бочарев

7 (31)

7

Тобыл

Сергей Хижниченко

10 (28)

Томаш Шимкович

8 (28)

8

Атырау

Павел Шабалин

3 (25)

Пшемыслав Трытко,

Владимир Аржанов

7 (28)

7 (32)

9

Шахтер

Евгений Горячий,

Мақсат Байжанов

3 (19)

3 (32)

Деслей Уббинк

6 (30)

10

Ақжайық

Қуаныш Бегалин,

Руслан Валиуллин

2 (13)

2 (29)

Фредди Коронель

8 (32)

11

Тараз

Әлішер Сүлей

3 (29)

Малик Мане

13 (30)

12

Жетісу

Вадим Боровский

3 (17)

Душан Савич

10 (19)

*Ескерту: Жақшаның () ішінде футболшылардың ойындарының саны көрсетілген.

  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика