Вернуться к списку статей

Дания – Қазақстан: Ысқырық Израиль төрешілерінде

Футбол
2K
Дания – Қазақстан матчына Алон Йефет өазылық етеді. Фото: fca.kz
2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Дания – Қазақстан матчына Алон Йефет бастаған Израиль төрешілері қазылық ететін болды.

Копенгагенде өтетін Дания – Қазақстан кездесуінде Алон Йефет бас төреші қызметін атқарып, оған Данни Красиков пен Нисан Давиди көмектесетін болды. Ал қосалқы төреші ретінде Орель Гринфильд тіркелген. Бәрі де – Израиль төрешілері.


Алон Йефет – Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының матчтарына, әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу ойындарында қазылық еткен маман. 

Бір қызығы, бұл төреші 2015/2016 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысындағы «Астана» – ХИК кездесуінде бас төреші болған. Өздеріңіз білесіздер, бұл матч Астанада өтіп, шектен тыс тартысты ойында елорда командасы 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Дания – Қазақстан матчы алдағы жұмадан сенбіге ауған түні Копенгагенде өтеді. Астана уақытымен 01:45-те басталып, «Қазақстан»  және  «KazSport» телеарналары ойынды тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика