Вернуться к списку статей

Қазақстан ұлттық құрамасы Данияға қарсы кеңейтілген құрамын жариялады

Футбол
1K
Қазақстан ұлттық құрамасы
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың 11 қараша күні өтетін Данияға қарсы кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімде барлығы 35 футболшы бар.

Бір қызығы, ұлттық құрамаға Премьер-лигадағы 12 клубтың 11-інің ойыншылары шақырту алған. Тек «Атыраудан» ғана ешкім жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу додасының аясындағы ойын Копенгагенде өтеді. Аталмыш кездесудің қарсаңында ұлттық құрамамыз бес күн Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізіп алмақшы. Сол жиыннан кейін Талғат Байсуфинов және Нүркен Мазбаев бастаған бапкерлер алқасы Ганс Христиан Андерсон еліне аттанатын 23 футболшыны іріктеп алмақ.

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Самат Отарбаев («Ақтөбе»), Алмат Бекбаев («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Сергей Малый («Астана»), Дмитрий Шомко («Астана»), Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Рафқат Аслан («Тобыл»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Евгений Горячий («Шахтер»), Елдар Әбдірахманов («Ақжайық»), Ілияс Әмірсейітов («Жетісу»).

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков («Астана»), Асқат Тағыберген («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Санат Жұмаханов («Оқжетпес»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Айбар Нұрыбеков («Шахтер»), Руслан Валиулин («Ақжайық»), Рахымжан Розыбакиев («Ақжайық»), Жақып Қожамберді («Оқжетпес»), Әлішер Сүлей («Тараз»), Абзал Таубай («Тараз»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Тобыл»), Роман Муртазаев («Ертіс»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»).

Резерв:

Жартылай қорғаушы:  Станислав Лунин («Қайрат»). 

Бапкерлер алқасы:

Талғат Байсуфинов – бас бапкер

Нүркен Мазбаев – аға бапкер

Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы

Андрей Ферапонтов – физдайындық жөніндегі бапкер.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика