Вернуться к списку статей

Кәсіпқой футбол лигасының ресми шешімі: "Алтай" Премьер-лига жолдамасына таласады

Футбол
1K
Кәсіпқой футбол лигасының ресми шешімі:
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы «Алтайға» ресми түрде тоғыз ұпайын қайтарып берді. Бұл туралы Лиганың сайты мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Востоктың» бұрынғы берешектерін «Алтайға» артып қойған Қазақстан футбол федерациясы сәуір 18-інде шығыстық команданың тоғыз ұпайын шегеріп тастаған.  Шешіміне наразы болған «Алтай» басшылығы отандық футбол органдарынан қолдау таппай Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотқа шағымданған. Ол жақтан ресми шешім 24 қазан күні жетті. Ал бүгін КФЛ «Алтайға» тоғыз ұпайын ресми түрде қайтарып берді. Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты былай деп жазыпты:

«Court of Arbitration for Sport шешімінің негізі бойынша Қазақстан футбол федерациясының арызын қарастырған Кәсіпқой футбол лигасы «Алтай» футбол клубына тоғыз ұпайын қайтарып беру туралы шешім шығарып, Бірінші лиганың турнир кестесіне өзгеріс енгізді».  

Осылайша, «Алтай» 58 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтеріліп, басты бәсекелесі «Қызыл-Жардан» сегіз ұпайға ұзап кетті. Ал Бірінші лигада бір-ақ турдың қалғанын ескерсек, соңғы ойындар турнир кестесіне енді өзгеріс енгізе алмайды. Осылайша, «Алтай» Премьер-лиганың жолдамасы сарапқа салынатын електік матчқа қатысу құқығына ие болды. Олар енді Премьер-лига жолдамасын «Тараз», «Ақжайық» немесе «Жетісу» командаларына қарсы ойында сарапқа салатын болады.

Айта кетейік, CAS (Спорттық арбитраждық сот) шешімі бойынша Қазақстан футбол федерациясы «Алтайдың» тоғыз ұпайын қайтарып қана қоймай, клубтың арыздануға байланысты барлық шығындарын өтеуі тиіс. Ал бұл сома шамамен 5 мың доллардан асады.

Осылайша турнир кестесі мынадай болып өзгерді:



Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика