Вернуться к списку статей

Қырымбек Көшербаев – "Қайсардың" келесі маусымдағы бюджеті қарастырылды

Футбол
2K
Қызылорда облысының әкімі
Бірінші лиганың 26-турының аясында өткен «Қайсар» – «Екібастұз» кездесуінен кейін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев футболшылардың киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, «қайсарлықтарға» алғысын білдірді.

– Маусым басында алдарыңызға қойған тапсырманы орындадыңыздар. Бұл үшін сіздерге зор алғыс айтамын. Енді 30 қазан күні «Алтаймен» болатын кездесуден кейін барлығымыз жиналамыз. Жанкүйерлермен де кездесеміз. Сол кезде жақсылап құттықтармыз! Сыйақы да болады. Бюджеттік комиссия «Қайсардың» келесі жылғы бюджетін қарастырды. Келесі маусымда бізді Премьер-лига күтіп тұр. «Қайсар» қаржыдан қағажу көрмейді, - деді Қырымбек Елеуұлы. 


Естеріңізге сала кетейік, «Қайсар» – «Екібастұз» кездесуінде 5-минутта қонақтардың қорғаушысы Бағдат Оразалиев алаңнан қуылып, 6-шы минутта Олег Хромцов пенальтиден алаң иелерін алға шығарды. Ал 90-шы минутта Роман Павинич таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша, 26-турдан кейін «Қайсар» басты бәсекелестерінен 14 ұпайға ұзап кетті. Алда екі-ақ тур қалды. Келесі турда қызылордалықтар түзе «Қызыл-Жармен» кездесіп, маусымның соңғы матчын өз алаңында «Алтайға» қарсы өткізеді.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика