Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамаларының 2016 жылғы ең сорақы жеңілістері – 10 ойында 1:75

Футбол
2K
Әйелдер арасындағы дода. Қазақстан – Австрия – 1:6. Фото: e-steyr.com
Биыл күзде футболдан әр жас шамасындағы Қазақстан құрамалары ірі жеңілістерге “қарық” қылды. Құдды, алтын күзде егін емес, доп “орып” жатқандаймыз...

Қыркүйек пен қазанда әр жас шамасындағы Қазақстан құрамалары «құласаң нардан құла» дегендей, жеңілгеннің көкесі қандай болатындығын көрсетіп жатыр. Әсіресе, қазан айындағы бес күнде (6-11 аралығында) бірнеше рет күйрей ұтылып, жігерімізді құм қылды.

Біздің редакция биылғы ірі жеңілістердің ондығын түзген. Бұл тізімге тек ресми ойындардағы, яғни әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлеріндегі матчтар ғана енгізілді. Жолдастық кездесулер ескерілген жоқ.

Сондай-ақ футболда 0:3 есебі де ірі жеңіліс болып саналатынымен, біз мұндай ұтылыстарымызды төмендегі тізімге енгізген жоқпыз. Әйтпсе, 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының өзі биыл күзде (былтырғыны есепке алмағанда) екі рет ойсырай ұтылған болатын: Қазақстан – Швейцария – 0:3 (02.09.2016) және Қазақстан – Норвегия – 0:3 (11.10.2016).

Сонымен, төменде биылғы сорақы жеңілістеріміздің – ондығы. Жалпы есеп – 1:75.



Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика